Анонс


Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі Иван Шишкиннің таңдаулы еңбектерін көрмеге қойды (ФОТО)

Бейсенбі, 29 Қыркүйек 2016 01:48
Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі Иван Шишкиннің таңдаулы еңбектерін көрмеге қойды (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде «Орман патшасы» атты көрме ашылды. Көрмеге орыс суретшілерінің ең таңдаулы қымбат картиналары қойылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Көрмеге XIX ғасырдың екінші жартысындағы белгілі пейзажшы, тамаша суретші Иван Шишкиннің шығармалары қойылған.

Музей қорындағы мұндай көрме алғаш рет өткізіліп отыр.  Музейде суретшінің әр жылдарда жазылған үш көркем шығармалары бар – «Мүк. Тамыры», «Ескі қарағай», «Лигованың қарағайлы боры».

Ресейдің мемлекеттік Эрмитажы мен Мемлекеттік Орыс музейінен 1950-ші жылдары 11 туынды Ә.Қастеев музейінің қорына түскен болатын. Ал, коллекциядағы «Орман ішінде» атты қарындашпен орындалған жалғыз суретін – 1936 жылы Мемлекеттік Третьяков галереясы сыйға тартқан еді.

Көрме 2016 ж. қазан айының соңына дейін ашық.

6146 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper