Анонс


Қазақстандағы ірі музейдің директорының бос лауазым орнына конкурс жарияланды

Сейсенбі, 10 Ақпан 2026 17:36
Қазақстандағы ірі музейдің директорының бос лауазым орнына конкурс жарияланды KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министірлігінің Мәдениет комитеті «Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының бос лауазымына байқау жариялады.

Байқауға қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 1. Орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефоны көрсетілген кәсіпорынның атауы, оның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министірлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны: Алматы қаласы, Самал-1 шағын ауданы, 44 үй мекенжайында орналасқан, тел.: 8 (727) 264-26-80.

Кәсіпорын қызметінің мәні мәдениет саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Кәсіпорынның қызметінің мақсаты – тарих және мәдениет  ескерткіштерін кешенді жинау, жүйелеу, сақтау, ғылыми зерттеу және насихаттау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерін мемлекет және қоғам мүддесі үшін қорғау және пайдалану бойынша жұмысын үйлестіреді

 2.Конкурсқа қатысу үшін келесі тұлғалар жіберілмейді:

1) 18 (он сегіз) жасқа толмаған;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

3. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау, жаратылыстану пәндері бойынша, гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдер даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы (сәулет, құрылыс, машина жасау) және/немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және/немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика және/немесе қызметтер (туризм, мәдени-тынығу жұмысы) бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;

мәдениет саласында немесе басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес, немесе Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін 5 жылдан кем емес, немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша немесе Жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарын аяқтаған адамдар үшін және кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау, жаратылыстану пәндері бойынша, гуманитарлық пәндер бойынша, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдер даярлау) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы (сәулет, құрылыс, машина жасау) және/немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және/немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмысы) бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін мәдениет саласында немесе басшы лауазымдарда 4 жылдан кем емес.

 4. Лауазымдық міндеттері:

Өз қызметін бірінші басшының жалпы басшылығымен ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілерімен өзара әрекеттестікте жүзеге асырады; қызмет бағыты бойынша тұжырымдамаларды, жоспарларды, бағдарламаларды және жобаларды жасауға қатысады, олардың орындалуы бойынша жұмыстарды бақылайды, музей ісі, тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану саласында ғылыми-зерттеулердің жүргізілуін, әдістемелік құралдардың жасалуын қамтамасыз етеді, олардың тұтастығы мен сақталымын, жағдайын және дұрыс есепке алынуын, консервациялануы мен қалпына келтірілуін қамтамасыз етеді, қаржыны басқару жұмысына басшылық етеді, қаржы тәртібінің сақталуын, шарттық міндеттемелердің уақтылы және толықтай орындалуын, жеткізушілермен, тапсырыс берушілермен жасалатын қаржылық-шаруашылық операциялардың рәсімделуін қамтамасыз етеді, қаржылық қаражаттар қозғалысы жағдайын және мақсатты жұмсалуын, қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижелерін қамтамасыз етеді, келешекке арналған және ағымдағы қаржылық жоспарларының және ақша қаражаттары бюджетінің жасалуын қамтамасыз етеді, жарықтандыру, жылу беру, желдету, салқындату жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін шаруашылық және техникалық қызметтер жұмысына басшылықты жүзеге асырады, ұйымның ішкі еңбек тәртіптемесі мен жұмыс тәртібін сақталуын қамтамасыз етеді, ұйым директоры шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады, жұмыс орындарын аттестаттау және оңтайландыру жүргізу бойынша іс-шараларды әзірлеуді қамтамасыз етеді, ұйымның құрылымдық бөлімшелері үшін кадрларды іріктеуді жүзеге асырады және оларды мекеме басшысына ұсынады.

5. Білуі тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясын;  Қазақстан Республикасының Кодекстерін – Азаматтық кодексін; Бюджет кодексін; Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін; Кәсіпкерлік кодексін; Еңбек кодексін, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін; "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Мәдениет туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы", "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын, ішкі еңбек тәртіптемесінің, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптарының тәртібін.

 6. Байқауға қатысуға үміткер тұлға байқау өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде мынадай құжаттарды ұсынады:

үміткерлер еркін нысанда ресімделген қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндемені қоса бере отырып, қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысу туралы өтінішті talapker.e-qazyna.kz  веб-порталына береді.

Тізілімнің Веб-порталы конкурсқа қатысу туралы өтінішке «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен дерекқорлардан конкурсқа қатысуға үміткер тұлғаның жеке басын куәландыратын, білімі, зейнетақы аударымдары және еңбек қызметі туралы құжаттардың мәліметтерін автоматты түрде тіркейді.

Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеде еңбек қызметі туралы мәліметтер

болмаған жағдайда конкурсқа қатысуға үміткер тұлға Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың бірін өтінішке тіркейді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау talapker.e-qazyna.kz. веб-порталында конкурс өткізу туралы жарияланған күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні өткен соң аяқталады.

7. Байқауды өткізу күні мен орны:

Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер Үйі» ғимараты, 14 кіреберіс.

Әңгімелесуді өткізу күні байқауға қатысушыларға қосымша хабарланатын болады.

Толық ақпаратты +7 (7172)74-04-59 телефоны арқылы алуға болады.                

405 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper