Анонс


Шымкент қалалық музейлер бірлестігі конференцияға шақырады

Бейсенбі, 05 Наурыз 2026 16:49
Шымкент қалалық музейлер бірлестігі конференцияға шақырады KAZMUSEUM.KZ -  

Шымкент қалалық музейлер бірлестігі «Шым қала» тарихи-мәдени кешенінің 5 жылдығына арналған «Тарих қойнауындағы Шым қала» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді және конференция аясында  «Шым қала» музейі: тарихи-мәдени мұраны сақтау және дәріптеу тәжірибесі» атты жинақ шығарылады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Конференцияның мақсаты:

Қазақстанның тарихи қалалары, мәдени мұралары мен археологиялық құндылықтарын кешенді зерттеу, зерттеу нәтижелерін ғылыми айналымға енгізу және халықаралық деңгейде тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету. Сонымен қатар, конференция тарихи-мәдени мұраны сақтау, оның туристік әлеуетін арттыру, сондай-ақ жергілікті қоғам мен ғылыми қауымдастық арасында диалог орнатуды көздейді.

Конференцияда қарастырылатын мәселелер:

  1. Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалардың тарихи дамуы, сауда байланыстары және өзара мәдени әсерлері.
  2. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қалпына келтіру, қорғау және оларды пайдалану мәселелері.
  3. Музей ісін дамытудың заманауи үрдістері: қор жұмысы, ғылыми-зерттеу қызметі және экспозициялық шешімдер.

Конференцияның ұйымдастыру ерекшеліктері:

-         Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

-         Өткізу формасы: оффлайн және онлайн (жол шығындарын келуші өз есебінен төлейді).

-         Күні мен уақыты: 2026 ж. 16 мамыр, сағат 09.00 (Астана уақыты).

-         Қатысушылар: ғалымдар, археологтар, музей ісі, ескерткіштерді қорғау және туризм саласының мамандары. Қатысу тегін.

-         Конференция жинағы электронды және баспа форматында шығарылады.

 

Материалдарды қабылдау және ресімдеу талаптары

   Материалдар shymqala2021@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады. Тіркеу мерзімі 2026 жылғы 25 наурызға дейін, ал мақала (баяндама) материалдарын тапсыру мерзімі  2026 жылғы 10 сәуірге дейін. Мақаланың көлемі 14 беттен аспауы тиіс, материалдар қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде қабылданады. Мақала MS Word форматында, A4 қағаз өлшемінде, Times New Roman қарпімен, 12 кегль, бірлік жоларалық интервалмен (1,0) терілуі тиіс. Беттің өрістері стандартты: сол жағы – 3 см, оң жағы – 1,5 см, жоғары және төменгі жағы – 2 см.

Мақала құрылымында міндетті түрде тақырып, автордың аты-жөні, ұйымының атауы, қаласы мен елі, көлемі 100-150 сөзден тұратын аннотация, 5-7 түйінді сөз, негізгі мәтін, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі қамтылуы қажет. Аннотация мен түйінді сөздерді мақаланың тілінен бөлек тағы бір тілде беру ұсынылады.

Файл атауы автордың аты-жөнімен аталуы тиіс. Мақалада пайдаланылған суреттер JPEG форматында, 300 dpi ажыратымдылықта, нөмірленіп, атауы көрсетілуі қажет. Кестелер мен диаграммалар көрнекі түрде рәсімделіп, атауы мен реттік нөмірі көрсетілуі тиіс, сондай-ақ мәтінде барлық кестелер мен суреттерге міндетті түрде сілтеме берілуі қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер мақаланың соңында беріліп, мәтінде тік жақшада нөмірлеу арқылы ([1], [2]) көрсетіледі және әдебиеттер тізімі қолданылу реті бойынша рәсімделеді. Қысқартулар мен аббревиатуралар мәтінде алғаш рет толық жазылғаннан кейін ғана қолданылады. Қажет болған жағдайда ескертпелер жоғарғы индекс арқылы белгіленіп, мақаланың соңында «ЕСКЕРТПЕЛЕР» бөлімінде беріледі.

Автоматты макростар мен күрделі кестелеуге жол берілмейді. Ұйымдастыру комитеті тақырыпқа және қойылған талаптарға сәйкес келмейтін материалдарды қабылдамауға құқылы. Мақала авторлық редакцияда жарияланады. Автор ұсынылған материалдың ғылыми мазмұнына, деректердің дұрыстығына және плагиаттың болмауына толық жауап береді.

 

ТІРКЕУ ФОРМАСЫ 

1.

Толық аты-жөні

 

2.

Жұмыс орны, лауазымы

 

3.

Ғылыми дәрежесі және атағы

 

4.

Байланыс мекен-жайы және телефоны, e-mail

 

5.

Қатысу бағыты, нысаны

 

6.

Баяндама тақырыбы

 

891 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper