Анонс


Алматы қаласының музейлер бірлестігі Шанхайда көрме өткізеді

Бейсенбі, 25 Маусым 2026 00:58
Алматы қаласының музейлер бірлестігі Шанхайда көрме өткізеді KAZMUSEUM.KZ -  

Қытай Халық Республикасының Шанхай тарихи музейінде (Shanghai History Museum) 2026 жылғы 26 маусым күні сағат 10:00-де Алматы қаласы музейлер бірлестігінің «Бабалар мұрасы – дәстүр сабақтастығында» атты халықаралық көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

Халықаралық көрменің өткізілуіне 2025 жылы Алматы мен Шанхай қалалары арасында бауырластық қатынастардың орнатылуы негіз болды. 

Бауырластық қатынастардың жалғасы ретінде 2026 жылғы 7-8 сәуірде Шанхай қаласының мэрі Гун Чжэн Алматы қаласына ресми іс-сапармен келіп, қала әкімі Дархан Сатыбалдымен кездесу барысында екі мегаполис арасындағы стратегиялық әріптестікті дамыту және өзара ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылаған болатын.

Шара Алматы және Шанхай қалалары әкімдіктерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Шанхай қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен ұйымдастырылып отыр.

Көрмеде Алматы қаласы музейлер бірлестігінің қорынан 100-ге жуық бірегей экспонат ұсынылады. Экспозицияда этнографиялық бұйымдар, Алматы қаласының тарихын бейнелейтін фотосуреттер және қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары таныстырылады.

Шанхай тарихи музейінде өтетін бұл көрме 2026 жылғы 30 тамызға дейін жалғасады.

256 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper