Ерлік Балфанбаев жаңа музейді өзі иелік ететін Oi‑Qaragai курорты аумағында салуды жоспарлап отыр және жобаны іске асыруға 30 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция салуға дайын екенін айтқан.
Жаңа музейдің басты мақсаты – тарих пен мәдениетті насихаттау. Балфанбаев жинаған коллекцияға номадтар өміріне қатысты мыңнан астам заттар, көне тұрмыстық заттар, зергерлік бұйымдар, жиһаздар және басқа да тарихи құндыылығы бар заттар кіреді.
Музей ғимараты шамамен 3,5 мың шаршы метрді құрайды, оның жартысы тұрақты экспозицияға арналса, қалған бөлігі уақытша көрме және заманауи өнер көрсететін аймақ болады. Бұл жерде жергілікті шеберлердің де туындылары, сондай‑ақ бизнесменнің өзінің шығармашылық жұмыстары да көрсетілмек.
Жоба кеңесшілері ретінде Ә.Қастеев атыдағы Ұлттық өнер музейінің мамандары тартылған.
Фото: © Андрей Лунин
Дереккөзі: forbes.kz
