Анонс


Алматыдағы Ұлттық орталық музейінде «Алтын Орда» экспозициялық залы ашылды (ФОТО) Таңдаулы

Дүйсенбі, 23 Ақпан 2026 11:05
Алматыдағы Ұлттық орталық музейінде «Алтын Орда» экспозициялық залы ашылды (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

Алматыдағы Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде «Алтын Орда» экспозициялық залы ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Экспозицияда музей қорынан алынған XIII–XIV ғасырларға жататын, Алтын Орданың мәдениеті мен тұрмысын айқындайтын 200-ден астам зат ұсынылған.

XIII–XIV ғасырлардағы қалалық мәдениет бөлімінде сол дәуір тұрғындары мен билеушілері қолданған тұрмыстық бұйымдар мен зергерлік әшекейлер қойылған. Сондай-ақ Алматы облысы Шеңгелді ауылы маңынан табылған, Шағатай әулетінің жоғары көшпелі ақсүйектеріне тиесілі салтанатты киімдердің, жібек маталарының фрагменттері және сол кезеңнің материалдық мәдениеті мен саяси құрылымын сипаттайтын өзге де экспонаттар ұсынылған.

«Алтын Орданың әскери өнері» бөлімінде әскери киім үлгілері мен қару-жарақтар – жебе ұштары, қылыштар, қорамсақтар және басқа да бұйымдар көрсетіледі.

«Мемлекеттік құрылым» бөлімі Алтын Орданың басқару жүйесін таныстырып, билеушілер шежіресі арқылы Қазақ хандығымен тарихи сабақтастықты айқындайды.

335 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper