Байқау бірнеше кезеңнен тұрды. Жеңімпаздар әр кезең бойынша жинақталған ұпайлар негізінде анықталды. Қорытынды нәтижеге сәйкес, І орын – Әдемі Мұратова, ІІ орын – Қарлығаш Нұрмағамбетова, ІІІ орын – Аида Мамирбаева иеленді. Жеңімпаздар ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымы қолдауымен Түркия Республикасы жетекші музейлерінде тағылымдамадан өтіп, халықаралық тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болады.


Экскурсия жетекшілерін Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Данияр Абзалиденұлы Алиев алғыс хаттармен марапаттады.

Қазақстан Республикасының ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымындағы ресми өкілі Нышангүл Қансейітқызы Қаратаева байқау жеңімпаздарына шетелдік тағылымдамадан өтуге арналған сертификаттар табыс етті.
Сонымен қатар, Алматы қаласы музейлер бірлестігінің халықаралық қатынастар жөніндегі бөлім жетекшісі Алтынжан Сәрсембайқызы Ходжамуратова түркі халықтарының мәдениетін насихаттауға қосқан үлесі үшін ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымының медалімен марапатталды.
Аталған мүмкіндік ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымы мен Алматы қаласы музейлер бірлестігі арасындағы жылдар бойы жүйелі түрде жүргізілген өзара ынтымақтастықтың нәтижесі.
«Алматы – музейлер қаласы» байқауы – экскурсия жетекшілерінің кәсіби дамуына серпін беріп, музей кеңістігінде жаңа идеялар мен заманауи форматтарды қолдауға бағытталған маңызды мәдени жоба.
