Симпозиумның ашылу салтанатында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев құттықтау сөз сөйлеп, түркі халықтары арасындағы мәдени байланыстың маңызын атап өтті.
Симпозиум аясында музей ісінің инновациялық тәсілдері, археологиялық және этнографиялық зерттеулер, сакралды орындарды музеефикациялау, өңірлік туризм мен мәдени бағыттарды дамыту тақырыптары қаралды.

«Бұл симпозиум – тарих пен мәдениетті ұштастырып, Түркі әлемінің мұрасын болашақ ұрпаққа жеткізу жолындағы үлкен қадам», - дейді ұйымдастырушылар.
Айта өтейік, симпозиумға түркітілдес 9 елдің ұлттық музейлерінің басшылары, мәдениет пен музей саласының майталмандары, ғалымдар мен сарапшылар қатысты.
