Анонс


Музейге келушілерді экскурсия барысында топтастырудың түрлері

Бейсенбі, 03 Наурыз 2016 15:05
Музейге келушілерді экскурсия барысында топтастырудың түрлері KAZMUSEUM.KZ -  

Экскурсияға қатысушылар белгілі бір топтарға бөлінеді және  келушілердің экскурсияға қызығушылық танытуына байланысты болады. Бұл жерде кәсіби қызығушылығы, білімі, мәдени дамуының деңгейі мен жасы ескерілмейді. Топтастырудың бұл түрі музейге келушілердің негізгі үш санатын қамтиды.

Бірінші санатқа – жалпы қызығушылық танытқан адамдар кіреді. Бұл экскурсанттар тобының көпшілігі десе болады. Бұл топқа атқаратын қызметіне, мәдени деңгейіне, жасына қарай әртүрлі адамдар жатады. Олардың мақсаты біреу - білім алуға деген талпыныс. Сондықтан оларды кез келген тақырыптағы экскурсия қызықтырады.

Екіншісанаттағы экскурсия қатысушылары көбінесе "менің пікірімді білдір" деген ұстанымды көздейді. Бұл санаттағы қатысушылар белгілі бір білім саласына қызығушылық танытады, олардың білім аясы кең келеді. Олар өздері қызықтыратын мәселе бойынша білімді толықтыруды немесе өз көзқарасын анықтауды көздейді. Жүргізілетін экскурсияны мұқият таңдауын осымен түсіндіруге болады. Мұндай экскурсанттарды негізінен белгілі бір тақырыптағы экскурсиялар қызықтырады.

Үшінші санаттағы экскурсанттарға алдына қойған мақсаттары жоқ, бос уақыттарын қызықты іс-шаралармен толтыруға ұмтылатын адамдар кіреді. Дегенмен осы санаттағы экскурсанттар тобы экскурсия барысында ішінара кішігірім топқа бөлініп кетеді. Экспонаттар мен экскурсшының әңгімесіне қызығушылық танытқан қатысушылардың бір бөлігі белсенділік көрсетеді. Топтың екінші бөлігі қызығушылық танытқанымен де, кейде экскурсия мазмұнына салғырттық, енжарлылық танытады.

Экскурсшы жұмысында үнемі жоғарыда аталған үш санаттағы экскурсанттар қатысатындықтан, кейде қиындықтарда туындап жатады.

Экскурсиялық топ - әлеуметтік бірліктегі бір-біріне мүлдем ұқсамайтын адамдар жиынтығы. Оны материалды беру кезінде ескеру қажет: экскурсия бәріне бірдей түсінікті әрі қызықты болуы тиіс.

Топтастырудың бірінші түрі жетілмеген, өйткені тақырыпты одан әрі кеңейту, экскурсовод біліктілігін арттыру, экскурсияны дайындау және жүргізу әдістемесіне байланысты бірқатар мәселелерді шешуге мүмкіндік бермейді.

Топтастырудың екінші түрі (жинақталған). Бұл жерде экскурсанттарды күрделі белгілері бойынша топтарға бөледі:

- бірінші белгісі - экскурсанттар жасы бойынша бөлінеді. Жас ерекшелігі ескерілген біртекті экскурсиялық топтар құрылады (мектепке дейінгі балалар, оқушылар, жастар, ардагерлер, т. б.). Әртүрлі жастағы топтарға арналған экскурсиялар бір-бірінен ұзақтығы, мазмұны, материалды беру әдістемесі бойынша ерекшеленеді;

- екінші белгісі - экскурсанттардың айналысатын ісіне қарай. Мұндай топқа экскурсия жүргізу кезінде әрқайсысының кәсіби қызығушылығы ескеріледі;

- үшінші белгісі - экскурсиялық топтар қоғамдық ісінің сипаты бойынша құрылады;

- төртінші белгісі - экскурсанттардың оқу формасы мен дүниетанымына қарай топтарды бөлу (семинарлар, оқушыларды біріктіру, т. б.);

- бесінші белгісі - бос уақыттарын қызықты шараларға бөлетін экскурсанттар (көркем үйірменің қатысушылары: театр, туризм, музыкамен әуестенушілер, т. б.).

Аталған белгілер бойынша экскурсанттарды топтастыру жаңа экскурсиялар мен оны жүргізудің әдістемесін дайындау үдерісіне әсерін тигізеді. Мұндай топтастырулар экскурсшылар арнайы дайындығын талап етеді.

Экскурсанттарды топтастырудың үшінші түрі күрделі сипатқа ие. Бұл түрге экскурсияға қатысушылардың даму деңгейі, олардың жалпы білімі, кәсіби және басқа да дайындығы бір-бірінен ерекшеленетін, әртүрлі топтар үшін жүргізілетін экскурсияларды жатқызуға болады. Экскурсиялық материалды берудің негізі қатысушылардың даму деңгейі мен олардың дайындық деңгейін анықтайды. Бұл аудиторияның құрамына қарай экскурсияның мазмұнын одан әрі тереңдетуге мүмкіндік береді. Экскурсанттарды топтастырудың үшінші түрі үшін экскурсиялардың басты айырмашылығы - олардың мазмұны, экскурсшының қатысушыларға ұсынатын көрнекі және сөйлеу материалы.

Аудиторияның дайындық деңгейіне байланысты бір экскурсияның (тарихи, әдеби, табиғаттану, өнер, өндіріс, этнографиялық) бес-алты нұсқасын жасауға болады.

Сонымен, экскурсия өту барысы көп жағдайда экскурсшының топтастыруына байланысты болып келеді.

 

Анар Екимбаева,

ҚР Ұлттық музейінің

ғылыми қызметкері

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

1. Емельянов Б.В. Экскурсоведение Москва 2007. - 216 с. 
2.  Налимова Т. А.  Я - экскурсовод // Москва: 2008

3.  Екимбаева А.С. Экскурсия жүргізудің әдісі // ИКОМ 2015 №5

 

7719 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper