Анонс


«Freedom Ticketon Awards 2025» жүлдесін иеленген музей анықталды Таңдаулы

Бейсенбі, 29 Мамыр 2025 00:00
«Freedom Ticketon Awards 2025» жүлдесін иеленген музей анықталды KAZMUSEUM.KZ -  

Алматы тарихы музейі «Freedom Ticketon Awards 2025» жүлдесін иеленді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Марапаттау салтанатында музейге «Freedom Ticketon Awards 2025» жүлдесі және 3 500 000 (үш миллион бес жүз мың) теңге сыйақы табысталды.

Алматы тарихы музейі осыған дейін Түркі дүниесіндегі үздік музей атанып, 2024 жылы «Best Museum of the Turkic World» жүлдесін иеленген болатын.

Айта өтейік, Алматы тарихы музейі Алматы қаласының Мәдениет басқармасына қарасты Алматы музейлері бірлестігінің құрамына кіреді.

Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз! 

282 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper