Анонс


Алматы музейінде Отырар тарихына арналған көрме ашылды Таңдаулы

Бейсенбі, 20 Наурыз 2025 16:12
Алматы музейінде Отырар тарихына арналған көрме ашылды KAZMUSEUM.KZ -  

Алматы музейінде «Ұлы Жібек жолы бойындағы Отырар: ғалым мен мәдениеттің сабақтастығы» атты көрме ашылды. Көрмеге «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының қорындағы заттар қойылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Көрме ғұлама ғалым әл-Фарабидың 1155 жылдығы және «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының» 45 жылдығына арналып отыр.

Отырар алқабындағы қалалық мәдениет, егіншілік, сауда, өндіріске қатысты «Отырар» мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің қорынан алынған 200-ден астам экспонат көпшілік назарына ұсынылды.

Аталған көрме Алматы қаласы тұрғындары мен қонақтарына ортағасырлық қалалардың мәдениетін тереңірек танып-білуге, ықылым  заманнан  мәдениет  пен өнердің, ынтымақ пен бірліктің сарқылмас көзі  болып  келе  жатқан  Отырар қаласының мәдениетімен танысуға, Отырар алқабындағы Отырартөбе, Құйрықтөбе, Алтынтөбе, Пышақшытөбе, Көк-Мардан, Күйік-Мардан, Жалпақтөбе, Қоңыртөбе,  Оқсыз секілді қалажұрттар, сауда-қолөнер  орталықтары,  Арыстанбаб, Найман әулие және т.б.  қорым-зираттары, архитектуралық ескерткіштермен танысуға мүмкіндік береді.

Көрме 2025 жылғы 19 сәуірге дейін жалғасады.

850 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper