KAZMUSEUM.KZ - Петропавл қаласында орналасқан «Абылай хан резиденциясы» музей кешенінде Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Жамбыл Жабаев атындағы әдеби-мемориалды музейі жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығы қарсаңында «Жүз жыл жырлаған жүрек» атты көрме өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.
Көрме экспозициясында ақынның өмірі мен шығармашылығынан мол мәлімет беретін экспонаттар: ақынның домбырасы, Мәскеу қаласына сапар кезінде киген шапаны, телефон аппараты, сонымен қатар елімізге белгілі суретшілердің туындылары көпшілік назарына ұсынылды.
Көрме 2025 жылғы 24 шілде күні ашылады.