Анонс


Қазақстанда алғаш рет үш музей өз шығынын толық ақтайтын дәрежеге жетті

Сәрсенбі, 23 Шілде 2025 14:52
Қазақстанда алғаш рет үш музей өз шығынын толық ақтайтын дәрежеге жетті KAZMUSEUM.KZ -  

Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі, Д.А. Қонаев музейі, А. Байтұрсынұлы музей-үйі өз шығындарын толығымен жаба алатын дәрежеге жетті. Бұл туралы басқарма басшысы Ғани Майлыбаев мәлімдеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

«Бұл музейлердің қызметінен түскен қаражат қызметкерлердің еңбекақысын және басқа да шығындарын толығымен жабуға жеткілікті екені қуантады.

Осыдан 5 жыл бұрын бұл сөзге тіпті әріптестерім де сенбеген еді. Ал қазір аталған 3 музей мемлекет көмегінсіз өмір сүре алатын денгейге жетті. Әрине, бәсекеге қабілеттілігі де артты. Осы тұста ұсынысымды қолдап, іске асыруға кіріскен, жәдігерлерімізді қастерлеген музей қызметкерлеріне ерекше алғыс айтамын», - деді Ғ.Майлыбаев.

 

Басқарма басшысының айтуынша, Алматы қаласы музейлері бірлестігіне қарасты барлық музейге кіру – мектеп оқушылары үшін кіру тегін. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында келушілер саны 231 654 адамды құрады, оның ішінде 47 241 оқушы болды. Бұл көрсеткіш 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы келушілер саны 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 49,5%-ға артса, оқушылар 11,1 %-ға артты.

Айта өтейік, Алматы музейлерінің бұл жетістігі Қазақстан музейлері арасында алғаш рет тіркеліп отыр.

 

Фото: Алматы қаласы Мәдениет басқармасы

 

638 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper