Анонс


Асхат Аймағамбетов: Тарихи-мәдени мұраны сақтайтын ұйымдарды КТС-тен босату қажет

Сәрсенбі, 09 Сәуір 2025 00:25
Асхат Аймағамбетов: Тарихи-мәдени мұраны сақтайтын ұйымдарды КТС-тен босату қажет KAZMUSEUM.KZ -  

Мәдениет, тарихи-мәдени мұра, музей, кітапхана сынды ұйымдарды корпоративтік табыс салығынан толық босату қажет. Бұл пікірді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов айтты.

«Дәрілердің бағасы удай қымбат. Онкология, диабет, аутоиммундық және орфандық ауруларға арналған дәрілердің бағасы одан да жоғары. Енді жығылғанға жұдырық деп, бұған қоса біз ҚҚС енгізсек — бұл бағаны кем дегенде 10%-ға көтереді. Ал бұл — аз қамтылғандарға, зейнеткерлер мен науқастарға ауыр салмақ түсіреді. Дәрі одан сайын қымбаттайды. Емделуді де, дәрілерді де қымбаттатпауымыз керек.

Екіншіден. Отандық кітаптар мен анимацияны қолдау. Біз балалар кітапты аз оқиды деп алаңдаймыз. Қазақ әдебиеті тасада қалды деп айтып жүрміз. Бірақ сонымен қатар кітапқа ҚҚС салып отырмыз. ҚҚС-тан босату — бұл мәдениет пен білімге құрмет, отандық авторларға қолдау көрсету. Анимация да — дамып келе жатқан сала. Қазақ тіліндегі сапалы өнімдер өте аз.

Үшіншіден. Мәдениет, тарихи-мәдени мұра, музей, кітапхана сынды ұйымдарды корпоративтік табыс салығынан толық босату қажет.

Төртіншіден. Білім, ғылым, спорт және денсаулық сақтау саласындағы ұйымдарға арналған КПН мөлшерлемесін 5%-ға дейін төмендетуді ұсынамыз. Бұл да бағаның күрт өсуіне жол бермеуге мүмкіндік береді.

Бесіншіден. Картадан картаға аударымдар. Көптеген елдерде мұндай операцияларға ҚҚС салынбайды. Бізде де қазіргі таңда бұл қызметтер ҚҚС-тан босатылған. Егер біз карточкалық аударымдарға ҚҚС енгізсек — халық күнделікті пайдаланатын банк қызметтері қымбаттап кетеді», - деді А. Аймағамбетов.

560 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper