Анонс


Ақтауда музей қызметкерлерінің халықаралық симпозиумы және IV ТҮРКСОЙ музей басшылары кеңесінің отырысы өтеді

Бейсенбі, 19 Маусым 2025 01:44
Ақтауда музей қызметкерлерінің халықаралық симпозиумы және  IV ТҮРКСОЙ музей басшылары кеңесінің отырысы өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Ә.Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінде 2025 жылғы 16-17 қазан күндері «Ақтау-Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында өтетін  IV «Тас ескерткіштері – түркі әлемінің ортақ мұрасы» тақырыбындағы музей қызметкерлерінің халықаралық симпозиуымына және  IV ТҮРКСОЙ музей басшылары кеңесінің отырысын өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

СИМПОЗИУМ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ: 

1.Түркі халықтарының мәдени жадын қалыптастыру және сақтаудағы музей қызметінің маңызы (музей жәдігерлерін сақтау, реставрациялау және консервациялау, тарихи артефактілерді таныстырудың инновациялық жолдары: мультимедиялық шешімдер, интерактивті және креативті әдістер, қызметті цифрлық трансформациялау және т.б.)

2.Түркі өркениеті: жаһандық және локалдық контекстегі тарихи-мәдени мәтіндер (түркі мәдениетінің тарихи, археологиялық, этнографиялық, антропологиялық, теологиялық мифологиялық және әдеби мұрасы жөніндегі зерттеулер)

3. Музейдің халықаралық және өңірлік туризмді дамытудағы рөлі (түркі мәдениетінің сакралды ескерткіштері мен орындарын музеефикациялау, мәдени-танымдық маршруттар, тақырыптық турлар жасақтау, туристік компаниялармен ынтымақтастық орнату, өңір брендингін дамыту).

4. Тастағы таңбалар дала өркениетінің дерегі ретінде (семантикалық таңбалар, руникалық жазбалар, тас ескерткіштерінің культтік және мемориалдық қызметі, археологиялық зерттеулер).

Өткізу форматы: онлайн/офлайн.

Өткізілу орны: Ақтау қ., 34 шағын ауданы, «Достық үйі».   

Симпозиумның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын тілдері.

Симпозиумға қатысу үшін өтінім және мақалалар электронды түрде мына электрондық адрес бойынша қабылданады: simpoziumaktau2025@gmail.com

Қабылданған мақалалар симпозиум материалдарының жинағы кітап түрінде және  электронды форматтажарияланатын болады. Ұйымдастыру комитеті симпозиум тақырыбына, ғылыми стандарттарға немесе техникалық талаптарға сәйкес келмейтін материалдарды қабылдамауға құқылы. Жарияланым мәтінін редакциялауды көздемейді. Автор ұсынылған мақала бойынша ғылыми және зерттеу этикасының сақталуына жауапты.

Электронды нұсқада мақалалар 2025 жылғы 10 шілдеге дейін қабылданады.

Байланыс телефоны: 8-7292-30-28-50

  

ӨТІНІШ ҮЛГІСІ:

 «Тас ескерткіштері – түркі әлемінің ортақ мұрасы» атты ІV  Халықаралық симпозиумға қатысу үшін өтініш

Аты-жөні  

................................................................ 

Мекемесі

 

Факультеті

 

Кафедрасы

 

Ғылыми атағы/дәрежесі

 

Ұялы телефоны

 

Мекен-жайы

 

E-пошта  

 

Баяндама тақырыбы

 

                                 

МАҚАЛАНЫ  РӘСІМДЕУ ТАЛАПТАРЫ

  1. MS WORD редакторында көлемі 5-6 беттен аспайтын баяндама мәтіні (6.0 немесе 7.0). Жалпы көлемге иллюстрациялар, қосымшалар және дереккөздердің тізімі кіреді. Файлға төмендегідей атау беріледі: мысалы,; автордың аты-жөні (аты-жөнінің инициалдары, тегі)_мақаланың атауы;
  2. Қаріп – Times New Roman; Кегль 14; жоларалық интервал – дара, жиектері: сол жағы – 3 см, қалған жақтары – 2 см. Абзац шегінісі автоматты түрде орнатылады (қызыл жол 1,25 см).
  3. Беттің жоғарғы жағында бас әріптермен баяндаманың атауы (қою қаріппен), оның астында бос орын арқылы аты-жөнінің бас әріптері, тегі, жұмыс орны беріледі;
  4.  Түйіндеме қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде курсивпен жазылады (100 сөзден артық емес);
  5. Кілт сөздер (5-тен көп емес);
  6. Сілтемелер мен әдебиеттер тізімі мақала мәтінінің соңында көрсетіледі. Мәтін ішіндегі сілтемелер тік жақшаға алынады [1, 98–99б.], егер сілтемеде бірнеше дереккөзді көрсету қажет болса, олар жақшада нүктелі үтір арқылы беріледі: [2, 1-б.; 109, 99-100 бб.].
  7. Иллюстрациялар (сапалы қара-ақ суреттер және кемінде 300 dpi кеңейтімі бар айқын фотосуреттер) жеке файлдармен ұсынылады (.jpg немесе .tif), оның атауында автордың тегі және сурет нөмірі көрсетіледі.
  8. Егер мәтінде немесе дереккөздер мен әдебиеттер тізімінде қысқартулар болса, онда мақаланың соңында арнайы қысқартулар тізімінде олардың толық атауы берілуі керек.
209 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper