Анонс


Алматы қаласының музейлер бірлестігі 2025 жылғы жетістіктерін жариялады Таңдаулы

Сейсенбі, 30 Желтоқсан 2025 00:48
Алматы қаласының музейлер бірлестігі 2025 жылғы жетістіктерін жариялады KAZMUSEUM.KZ -  

Алматы қаласының музейлер бірлестігі 2025 жылды қорытындылай келе, кәсіпорын қызметіне салыстырмалы талдау жасады. Назарларыңызға музейлер бірлестігінің жетістіктерін ұсынамыз.

Кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіші (KPI) – келушілер саны, яғни музейлерге келушілер арқылы қызмет тиімділігі бағаланады. Келушілер санына жүргізілген талдау барысында салыстырмалы түрде соңғы 5 жыл (2019, 2022, 2023, 2024, 2025) қамтылды. Диаграммада жалпы келушілер саны мен ақылы келушілер саны (сатылған билеттер саны бойынша) көрсетілген.

 

 

 

Кәсіпорынның табыс көлеміне тоқталсақ, 2019 жылы жалпы табыс 29 млн теңгені құрады. Кейінгі жылдары бұл көрсеткіш тұрақты өсім көрсетіп келеді. Атап айтқанда, 2022 жылы 34 млн теңге, 2023 жылы табыс көлемі 66 млн теңге болса, 2024 жылы 86 млн теңгеге жетіп, 2025 жылы 102 млн теңгені құрады.

Музей қызметінің негізгі бағыттары – қор, ғылыми-зерттеу, экспозициялық-көрме, мәдени-ағарту және халықаралық ынтымақтастық салаларында жүйелі жұмыстар атқарылды.

Қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыруға ерекше назар аударылды. 2023 жылы музей мамандары Париж қаласындағы Францияның Ұлттық музейлерінде тағылымдамадан өтсе, 2024 жылы Сингапур ғылыми орталығында біліктіліктерін арттырды. Ал 2025 жылы қызметкерлер Түркия Республикасының Ыстанбұл және Анкара қалаларында, Корея Республикасының Сеул және Кенджу қалаларында кәсіби даярлықтан өтті. Айта кетерлігі, 2025 жылы біліктілікті арттыру бағдарламалары шетелдік серіктестер тарапынан тегін негізде ұйымдастырылды.

Соңғы үш жылда 5 музейдің экспозициясы жаңартылып, Корея (Сеул), Франция (Париж), Австрия (Вена), Италия (Неаполь), Чехия (Прага), Нидерланды Корольдігі (Амстердам), Түркия (Ыстанбұл) секілді 13 елде халықаралық көрмелер өткізілді. Барлық елде көрме өтетін жабдықталған орындар 1–2 ай мерзімге тегін негізде ұсынылды.

Музей қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайы да мемлекеттің тұрақты қолдауында. 2023 жылы Алматы қаласы мәслихатының шешімімен музей қызметкерлерінің жалақысы 30%-ға артты. Сонымен қатар, жыл сайын республикалық бюджет есебінен жалақы 18%-ға өсіп отыр. 2023–2025 жылдары «Алматы жастары» бағдарламасы аясында Бірлестікте еңбек ететін 35 музей қызметкері тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

Еңбек жетістіктері де жоғары бағаланды: 1 қызметкер «Парасат» орденімен, 1 қызметкер «Құрмет» орденімен, 1 қызметкер «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 9 қызметкер «Мәдениет саласының үздігі» медалімен марапатталды. Сондай-ақ, 6 қызметкер халықаралық марапатқа ие болды.

761 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper