Конференция мақсаты– Ұлы Дала өркениетінің тарихи, мәдени мұрасын зерделеу, оның рухани-тағылымдық мәнін ашу және музей кеңістігінде сақтау. Тарихи сабақтастық пен тағылымдық құндылықтарды насихаттау, сондай-ақ музей арқылы тарихи сананы қалыптастырудың заманауи бағыттарын талқылау.
Ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасы бойынша барлық музей мамандарын, ғылыми қызметкерлерін, сондай-ақ осы тақырыпты зерттеумен айналысатын зерттеушілерді қатысуға шақырады.
Конференцияның негізгі бағыттары:
-
Ұлы Дала өркениеті – адамзат тарихындағы көшпелі мәдениеттің бірегей үлгісі;
-
Музей - Ұлы Дала өркениетінің тарихи жадысының сақтаушысы;
-
Жасанды интелект және цифрландыру дәуіріндегі тарихи мұраны зерттеу мен таныту, музейдегі жаңа мүмкіндіктер;
-
Музей мен туризм: Қазақстан жағдайындағы артықшылықтары мен проблемалары;
Конференция тілдері: қазақ, орыс.
Конференция жұмысы офлайн форматта өтеді:
Конференция нәтижелері бойынша ғылыми еңбектер жинағын шығару жоспарлануда.
Конференцияға қатысу тегін. Қатысушылардың келіп кетуі, жатын орны шығындары өз есептерінен төленеді. Түскі ас, кешкі ас, экскурсиялар ұйымдастырушылар есебінен.
Конференцияға қатысуға өтінімдерді (№1 қосымша) ұсыну мерзімі және талаптарға сәйкес мақалалар (№2 қосымша) 2026 жылғы 1 наурызға дейін төмендегі почтаға жіберулеріңізді сұраймыз: museum.ulydalaeli@gmail.com
Ескерту: Айтылған күннен кешіккен мәтіндер және конференцияның ғылыми деңгейіне немесе тақырыбына сәйкес келмейтін мәтіндер қабылданбайды.
№ 1 қосымша
Өтінім формасы
|
Тегі, аты және әкесінің аты (толық) |
|
|
Ғылыми дәрежесі, атағы |
|
|
Қызметі |
|
|
Мекеменің толық атауы |
|
|
Ел, аймақ, қала |
|
|
Телефон |
|
|
|
|
|
Мақала атауы (баяндама) |
|
|
Жинақ электронды/қағаз түрінде(көрсету) |
|
|
Қатысудың жоспарланған түрі (автордың келу, келмеуі нақты көрсетілуі керек) |
|
|
Аппаратураға қажеттілік (проектор, ноутбук) |
|
Байланыстар
Жалпы ұйымдастыру сұрақтары бойынша:
Тұрар Шамшатдинұлы Акимов – «Ұлы Дала Елі Орталығы» МКҚК-ның директор орынбасары
E-mail: freeman001@list.ru
Мақала бойынша сұрақтар:
Тауасарова Дилорам Рахимовна – E-mail: museum.ulydalaeli@gmail.com
№ 2 қосымша
ЖАРИЯЛАНЫМДЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
Мақаланың көлемі 3 беттен аз - 8 беттен көп болмауы тиіс. Материалдар электрондық форматта, Word мәтіндік редакторында ұсынылады, барлық жолдар – 2 см, Times New Roman, өлшемі (кегль) – 14, жоларалық интервал – бір. Сілтемелер тік жақшадағы сандармен көрсетіледі. Жоғарыда автордың аты-жөні, музейінің атауы, қызметі. Бір жолдан соң бас әріптермен баяндаманың атауы берілуі керек.
Сілтемелер мен әдебиеттер тізімін рәсімдеу:
Мәтіндегі сілтемелер тік бұрышты жақшада әдебиеттер тізіміндегі нөмірі және беті ( мысалы, [3. 105]) келтіріледі. Әдебиеттер тізімі мақаланың соңында дәйеккөз реті бойынша орналастырылады. Беттерге нөмір қойылмайды.
