Анонс


Ә.Қастеев атындағы Өнер музейі Наурыз мерекесіне арналған бағдарламасын ұсынды (ФОТО) Таңдаулы

Жұма, 17 Наурыз 2017 01:27
Ә.Қастеев атындағы Өнер музейі Наурыз мерекесіне арналған бағдарламасын ұсынды (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік Өнер музейі «Музей Наурызы» атты мерекелік шараның бағдарламасын жариялады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Мерекелік апта бойы музейге ұлттық киім киіп келген келушілерге тұрақты экспозицияларға кіру тегін.

 

Шараның бағдарламасы


21 наурыз (сейсенбі)«Музей Наурызы» мерекелік апталығының ашылуы.

11.00-19.00 – музей фойесінде қолөнер жәрмеңкесі.

11.00-19.00 – музейдің мәжіліс залында «Сәлем, Наурыз» интерактивтік 3D көрмесі.

12.00-17.00 – музейдің барлық қонақтары ұжымдық киіз басуға қатыса алады. Біздің халықтық шеберлердің жетекшілігімен музейге келушілердің жасаған ұлттық текеметі музей экспозициясының сәніне айналады.

14.00-18.00 – қыш бұйымдарға өрнек салудан шығармашылық шеберлік сабақтары, мерекелік печеньені түсті шайырмен өрнектеуден аспаздық шеберлік сабағы, сондай-ақ ашық қыш құю шеберханасы жұмыс істейді.

16.00 – музыкалық және би нөмірлері бар концерттік бағдарлама. «Наурыз сәні» авторлық ұлттық және стильдендірілген киімдердің көрмесінің ашылуы,  модельдер дефилесі.

11.00-19.00 – музей ауласында ұлттық тағамдармен кейтеринг ұйымдастырылады, қонақтар киіз үйде немесе басқа да тағамдық орындарда жайғасуына болады.

11.00-19.00 – кез келген келуші «Қазақ даласының тарихы» тақырыптық квестіне қатыса алады. Квест – кейіпкер (музейге келуші)  танымдық тапсырмаларды орындауға талпынып, жоспарланған сюжеттен өтетін ойынның сәнге айналған жаңа түрі. «Қазақ даласының тарихы» квесінде Қазақстан суретшілерінің кескіндемелік туындылары негізінде қазақ халқының тарихы, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары тақырыбына бірнеше тапсырма жасырылады.

 

22 наурыз (сәрсенбі), 23 наурыз (бейсенбі), 24 наурыз (жұма)

11.00-19.00 – музей фойесінде қолөнер жәрмеңкесі.

11.00-19.00 – музейдің мәжіліс залында «Сәлем, Наурыз» интерактивтік 3D көрмесі.

11.30-да және 15.00-де – «Наурыз сәні» тақырыптық көрмесі бойынша тақырыптық экскурсия.

14.00-18.00 – қыш бұйымдарға өрнек салудан шығармашылық шеберлік сабақтары, мерекелік печеньені түсті шайырмен өрнектеуден аспаздық шеберлік сабағы, сондай-ақ ашық қыш құю шеберханасы жұмыс істейді.

11.00–19.00 – музей ауласында ұлттық тағамдармен кейтеринг ұйымдастырылады, қонақтар киіз үйде немесе басқа да тағамдық орындарда жайғасуына болады.

11.00-19.00 – кез келген келуші «Қазақ даласының тарихы» тақырыптық квестіне қатыса алады.

 

25 наурыз (сенбі), 26 наурыз (жексенбі)

11.00-19.00 – музей фойесінде қолөнер жәрмеңкесі.

11.00-19.00 – музейдің мәжіліс залында «Сәлем, Наурыз» интерактивтік 3D көрмесі.

11.30-да және 15.00-де – «Наурыз сәні» тақырыптық көрмесі бойынша тақырыптық экскурсия.

14.00-18.00 – ыстықтай киіз басу техникасында бұйымдар жасаудан және қыш бұйымдарға өрнек салудан шығармашылық шеберлік сабақтары, мерекелік печеньені түсті шайырмен өрнектеуден шеберлік сабағы, сондай-ақ ашық қыш құю шеберханасы жұмыс істейді.

11.00-18.00 – музей ауласында ұлттық тағамдармен кейтеринг ұйымдастырылады, қонақтар киіз үйде немесе басқа да тағамдық орындарда жайғасуына болады.

11.00-19.00 – кез келген келуші «Қазақ даласының тарихы» тақырыптық квесіне қатыса алады.

 

 

2781 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper