Анонс


Маңғыстаудың С.Қондыбай музейі мифтік кейіпкерлерді таныстырды

Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2019 17:22
Маңғыстаудың С.Қондыбай музейі мифтік кейіпкерлерді таныстырды KAZMUSEUM.KZ -  

Маңғыстау облысының Шетпе кентіндегі Серікбол Қондыбайдың мемориалдық музейінде «Тарбия» сән үйімен бірлесе отырып, музей ұжымы мифтік кейіпкерлердің таныстырылымын өткізді.

Аталған шараға «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, ақын Светқали Нұржан, өлкетанушы Алқажан Еділхан секілді ел ағалары, облыстық мәдениет, және тілдерді дамыту, архив ісі басқармасының басшысы Пәния Сармурзина, Ә. Кекілбаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Тамара Жұмалиева қатысты.

Музейге орналасқан кейіпкерлердің қатарында «Суын айғыр», «Таутайлақ», «Жезтырнақ», «Албасты», «Аққу», «Ай», «Қаныкей мен Тінекей» және т.б кейіпкерлер бар.

«Мифке оралу - сиқырлы,қасиетті және таңғажайып ел - жарқын қазақ еліне –«Мәңгі елге» қайтып оралу дегенді білдіреді»  деп жазған болатын С.Қондыбай. Музей ұжымы мифтік кейіпкерлер арқылы келушілердің қиялына қанат бітіріп, ерекше шабыт сыйлауға тырысады. Терең пәлсапаға толы кейіпкерлер кез келген адамды ойландырмай қоймайды. Музей қонақтары біздің жаңа кейіпкерлерімізбен Жаңа жыл қарсаңында да таныса алады.

 Рима  БЕРДИЕВА, С.Қондыбай музей директоры

2766 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper