«Мектептер мен барлық өңірлердегі өлкетану музейлерінің жанынан тарихи-археологиялық қозғалыстар құру маңызды. Ұлт тарихын санаға сіңіру барша қазақстандықтардың бойында өз бастауларына деген ортақтық сезімін қалыптастырады», - деп атап өткен Елбасы Н.Назарбаев.
Айта өтейік, бүгін «Егемен Қазақстан» газетінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарияланды. Мақала негізгі екі бөлімнен және қорытынды бөлімнен тұрады.