Қорық-музей достарымен кездесуде Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институтының қызметкері Арман Бейсенов Қарағанды облысындағы Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институты жүргізген қазба жұмыстары кезінде табылған археологиялық ескерткіштер мен тарихи орындар туралы кеңінен баяндады.
Қорық-музей директоры Гүлмира Мұхтарова жыл қортындысын шығарып, ең белсенді туристік топтар мен журналистерге және гидтерге дипломдар, кәдесыйлар тапсырды.
Мерекелік іс-шаралар барысында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының «Еңбекшіқазақ» газетінің ұжымы қорық-музей ауласына бірнеше шырша көшеттерін отырғызды.
Қазақ халқының дәстүріне сай қонақтар қорық-музей ұжымы дайындаған «Наурыз көжеден» дәм татып, іші халықтық нақышта безендірілген он екі қанат ақ боз үйдің төрінде қазақи кең дастарханнан дәм татысты. Қорық-мұражай ұжымы қонақтарға арнап халық әндері мен күйлерінен шағын концерт ұйымдастырды.