Анонс


Ұлттық музейдің ғалымдары Бетпақдала мен Ұлытау өңірін зерттеді

Сәрсенбі, 30 Қыркүйек 2015 10:36
Ұлттық музейдің ғалымдары Бетпақдала мен Ұлытау өңірін зерттеді KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі мен Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институтының мамандары бірлесіп Қарағанды облысындағы Бетпақдала мен Ұлытау өңіріндегі тас ғасыры ескерткіштеріне археологиялық зерттеулер жүргізді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі. 

Зерттеу жұмыстарына ҚР Ұлттық музейінің Халық қазынасы институтының жетекші ғылыми қызметкері Т.Б. Мамиров басшылық жасады.

Сарысу өзенінің аңғарында жүргізілген барлау жұмыстары барысында тас дәуірінің ескерткіші - Жаман Айбат тұрақ-шеберханасының нақты географиялық байланыстыруы жасалды, күндізгі беттегі тас артефактілердің концентрациясының 4 нысандары  анықталды.

Барлау жұмыстары барысындағы зерттелген тағы бір ірі ескерткіштердің бірі тас ғасырының ғылыми тарихнамасына енген Мұзбел тұрақ-шеберханасы.  

Стационарлық зерттеу нысаны Ұлытау ауданы, Бала Жезді өзенінің жағасында орналасқан. Зерттеу кезінде  өзен жағасы бойымен 50 ш. м көлемде қазба жұмыстары жасалды. Қазба жұмыстары барысында тас артефактілер, сүйектер табылды. 

Мұзбел, Жаман-Айбат ескерткіштеріне жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде табылған материалдар, 1-4 нысандар, ҚР Ұлттық музейінің Халық қазынасы ҒЗИ зертханасында өңделеді және кейіннен сақталады.  

3151 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper