Анонс


«Ұлы дала елі» республикалық тарихи-мәдени экспедициясы Ақтауға келді

Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2015 12:16
«Ұлы дала елі» республикалық тарихи-мәдени экспедициясы Ақтауға келді KAZMUSEUM.KZ -  

«Ұлы дала елі» республикалық тарихи-мәдени экспедициясы Ақтауда жалғасын тапты, деп жазады khabar.kz сайты.

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы мен тарихшылар, өлкетанушылар және белсенді жастар қатысуда. 20 адамнан құрылған топ төрт күн бойы өңірдегі тарихи орындарды аралап, ұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін насихаттамақ.  Олар шараның алғашқы күнінде Каспий жағалауы мен Ақтау қаласындағы тарихи тұлғаларға орнатылған ескерткіштерге барды. Бұдан соң сәулет өнерінің қайталанбас туындысы саналатын Бекет ата, Шопан ата сияқты жерасты мешіттері мен аңызға толы Шерқала тауы, кіші жүздің ханы Пірәлі хандық құрған Айрақты тауына қарай сапар шегеді.  Ортағасырлық Қызыл-қала қалашығындағы жәдігерлермен танысуды да жоспарлап отыр. Кейін қатысушылар жазған күнделік-кітап экспедицияның басты нышаны ретінде Атырау облысына табысталады. Экспедиция Тараз қаласында өз мәресіне жетеді.   

Эльвира Абланова,  экспедиция мүшесі:

  - Біздің қазақ жеріндегі мықты жәдігерлерді халыққа жаңа қырынан таныстырып, осы тарихи жерлерді аралап, экспедиция мүшелерімен қайтадан қарап, нақты бір маршруттар негізінде жұмыс жүргізу. Экспедиция кезінде негізгі жұмыс бағытында эскпедиция күнделігі жүргізіледі.  

3010 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper