Анонс


Ақтөбе облысынан алғаш рет палеолиттік тұрақ табылды (ФОТО)

Сәрсенбі, 12 Тамыз 2015 16:52
Ақтөбе облысынан алғаш рет палеолиттік тұрақ табылды (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері ҚР БЖҒМ ҒК Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтымен бірге экспедиция ұйымдастырды. 

Қазіргі уақытта Солтүстік Арал маңының тас дәуірі ескерткіштеріне барлау жұмыстары мен Ақтөбе облысындағы шұңқырлы мәдениетіне жататын Құмсай обаларында қазба жұмыстары жүріп жатыр.

Барлау жұмыстары барысында  Ақтөбе облысының Шалқар және Ырғыз аудандары территориясынан алғаш рет палеолиттік тұрақ-ұстаханалар табылды. Үлкен және Кіші Борсық құмдарында кельтеминар мәдениетіне жататын ескерткіштердің таралу жолдары анықталды. Археологтар мәлімдегендей, тас, палеолиттен энеолит дәуіріне дейінгі 40- тан аса ескерткіш ашылды.

Сондай-ақ, Ойыл өзені алқабында б.з.д. 3 мыңжылдықта орын тепкен шұңқырлы мәдениеттің өкілдері саналатын қорғандарға қазба жұмыстары жүргізілуде. 

Мамандардың айтуынша, Арал-Каспий өңірінде ежелгі көші-қон мен мәдениет эволюциясын зерттеуде қазба жұмыстары барысында алынған құнды мәліметтердің маңызы зор.

 

 
2675 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper