Анонс


Ұлттық музей экспедициялық жұмыстарын жалғастыруда (ФОТО) Таңдаулы

Бейсенбі, 16 Шілде 2015 12:25
Ұлттық музей экспедициялық жұмыстарын жалғастыруда (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

Жетісуда қазақ мемлекеттілігінің бастауы – сақ кезеңінің ескерткіштері кешенді түрде зерттелінуде. Бұл туралы Ұлттық музейдің баспасөз қызметінен хабарлады.

Ұлттық музей ұжымы зерттеу жұмыстарын музей базасындағы  «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институты және Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Астана қаласындағы филиалымен бірлесіп жүргізді.  Бірлескен зерттеу тобы Алматы облысы Райымбек ауданының Қарқара ауылдық округіне қарасты Қарқара жайлауында сақтардың «патшалық» ескерткішіндегі кезекті қазба жұмыстарын жүргізді.

Зерттеу нәтижесінде ж.с.д. VI-V ғасырларға жататын сақ билеушісінің құрметіне салынған ірі көлемді ескерткіштің бірнеше құрылымдық элементтері – жер бетіндегі құрылымы, айнала қоршап жатқан тас қоршау қаландылар, орлар ашылды. Сақтардың архитектурасы, жерлеу ғұрпы және дүниетанымы жайлы жаңа мәліметтер алынды.

Жетісулық сақтардың әлеуметтік дәрежесі жоғары, беделді билеушісі қойылған бұл кешеннің айналасынан төрт ғасырдан соң ғұн-сармат кезеңінде, бір мезетте жерленген 45 қоршау-обалар да ашылды. Қоршаулардан бас киімнің ілмекті алтын қапсырма әшекейлері, моншақтар, қыш ұршықтар т.б. табылды. 

 
2879 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper