Анонс


Ақтөбеден сарматтардың "алтын балығы" табылды

Сейсенбі, 14 Шілде 2015 10:14
Ақтөбеден сарматтардың "алтын балығы" табылды KAZMUSEUM.KZ -  

Ақтөбе облысында археологтар сармат ақсүйектерінікі болуы мүмкін зиратты тапты. Тайпаластары қайтыс болғандарды сол заманғы салт-дәстүрмен жерлеген, оның ішінде алтын бұйымдар да бар. Алайда ежелгі заманда-ақ біреулер мұндағы заттарға қол сұққан көрінеді. Одан қалғандар біздің күнімізге дейін жеткен, деп жазды  «Экспресс К» бүгінгі номерінде.

«Мұнда сол кездің әлеуметтік элитасын жерлеген, - деді экспедиция басшысы Арман Бисембаев. - Екі адамның мәйіті табылды, жанында құрбандыққа шалынған жылқының қаңқасы бар. Қабір біздің заманымызға дейінгі V ғасырға және ерте темір ғасыры дәуіріне тиесілі».

«Бұл жұптық жерлеу болуы мүмкін, - деген болжам айтады Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Виктор Амелин. - Атрибутикаға қарағанда, акинак пен оқтары бар қорамсақ ер адамның, ал күміс құйылған қола айна  әйел адамның заттары екені көрініп тұр».

Сонымен қатар зерттеушілер түйе бейнесіндегі бұйданы, жерлеу рәсімдерінде пайдаланылған алтын балық пен екі аяғы бар хош иісті түтін шығаратын аспапты анықтады.  

 

 
2823 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper