Анонс


Қызылордада археология саласының проблемалары талқыланды

Сейсенбі, 24 Қараша 2015 15:45
Қызылордада археология саласының проблемалары талқыланды KAZMUSEUM.KZ -  

Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұраларын қорғау жөніндегі ғылыми-әдістемелік Кеңестің отырысы өтті. Оған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен Кеңеске мүше тарихшы ғалымдар, белгілі мәдениеттанушылар қатысты.

Облыс аумағында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары туралы айтылып, мәдени мұрамызды сақтаудың жолдары мен оны насихаттау мәселелері талқыланды. Далалық комиссияның төрағасы Мадияр Елеуов Сыр өңіріндегі Шірік-Рабат, Сығанақ, Жанкент сияқты ескі қалаларда жүргізілген экспедициялық жұмыстар туралы баяндап, осы жұмыстардың қорытындысы ретінде бір кітап шығаруды ұсынды.

- Археологиялық қазбалар, түрлі экспедициялар көп. Бірақ ортақ жүйе жоқ. Сондықтан табылған дүниелерді музейлерге қою, олардың каталогтарын жасау жұмыстарды жолға қою керек. Сыр өңірі тарихи бай өлке. Ұлы Жібек жолының бойында Қорқыт ата кесенесі тұр, мұнан бөлек ескі қалалардың барлығы осында. Сондықтан осы байлықты сақтап, келер ұрпаққа аман жеткізуіміз қажет, - дейді Кеңес мүшесі Мұрат Әуезов.

Кеңес мүшелері қара экспедициялардың алдын алып, жою мәселесін қолға алуды ұсынып отыр. Өйткені археологиялық қазбалар жүргізілетін аумақтардан тарихи жәдігерлердің ұрланған фактілері жиі кезедеседі екен. Осыған орай Кеңестің келесі отырысы құқық қорғау органдары мен ішкі істер мекемелерінің қатысуымен өткізілетін болды.

 

2660 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper