KAZMUSEUM.KZ - Мәдениет туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер археологиялық олжаларды музейлерге тапсыруды міндеттейді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-де өткен брифингте ҚР МСМ Мәдениет және өнер істері департаменті директорының орынбасары Күміс Сейітова мәлімдеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.
«Заңға енгізілген өзгерістер бойынша қазба жұмыстары кезінде табылған заттарды міндетті түрде музейлерге беру айқындалып, тиісті рәсімдер жасалатын болады. Бұл мәдени құндылықты тапқан тұлғаларға экспонаттарды музейге өткізуге міндеттейді», - деді К.Сейітова.