Анонс


Мысыр музейінен манускрипт кітап табылды

Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2015 00:36
Мысыр музейінен манускрипт кітап табылды KAZMUSEUM.KZ -  

Бельгиялық ғалымдар реттелмеген мұрағат арасынан ең ұзын мысырлық манускрипт тапты, оның жасы 4 000 жылды құрайды, деп жазады ҚазАқпарат тілшісі.

Екі жағы терімен қапталған кітап  Каирде мысырлық музей кітапханасынан табылды. Ұзындығы екі жарым метр кітапта Орта  патшалық басындағы «Екі жол кітаптарынан» мәтіндер келтірілген, суреттер бейнеленген. Онда о дүниелік патшалық жайлы айтылады және көптеген жерлеу рәсімдері келтірілген.

Ғалымдар жәдігерді «Екі жол кітаптарының» түпнұсқалық көздерінің бірі болуы мүмкін деп санайды. Себебі  манускрипт теріден жасалған, ол папируске қарағанда жоғары бағаланған.

 

 

 

 

 

 

2699 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper