Анонс


Түркияда жер астынан 2 мың жыл бұрынғы сауда орталығы табылды

Бейсенбі, 20 Тамыз 2015 14:04
Түркияда жер астынан 2 мың жыл бұрынғы сауда орталығы табылды KAZMUSEUM.KZ -  

Түркияның Сагаласос атты ежелгі қаласынан 2200 жылдық сауда ғимараты табылды, деп хабарлады trt.net.tr сайты.

Ғимараттың ұзындығы 30 метр, ені 15 метр. Археологтардың болжамына қарағанда төменгі қабаты салқын қойма ретінде қолданылған, ал ғимараттың жоғарғы қабаты жиналыс өткізу үшін салынған.

Топырақ астында қалғандықтан ғимарат жақсы сақталған.

Қазіргі уақытта ежелгі қала орнындағы қазба жұмыстары жалғасуда. 

 

 
2713 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper