Анонс


Қазақстанға музей-пойыз келеді Таңдаулы

Дүйсенбі, 20 Сәуір 2015 11:29
Қазақстанға музей-пойыз келеді KAZMUSEUM.KZ -  

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Ресейден Қазақстанның Қостанай, Көкшетау, Астана, Павлодар қалаларына музей-пойыз келеді. Бұл туралы Ресейдің "Российские железные дороги" ААҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

Мерейтойлық музей-пойыз өз сапарын 8 маусым күні Қостанай қаласынан бастамақ. Пойыздың 9 вагоны музей көрме залы ретінде жабдықталған. Барлық экспозицияларда негізінен қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысындағы жеңіске қосқан үлесі туралы деректер қамтылған. Ал, қалған 8 вагонда қазіргі заман тарихынан сыр шертетін түрлі макеттер орналастырылған.

Айта өтейік, ресейлік пойыз-музей 2011 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Әр мереке сайын түрлі тақырыптарда экспозициялар ұйымдастырып, Ресей мен ТМД-ның бірқатар қалаларын аралап жәдігерлермен таныстырып келеді. 

2425 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper