Анонс


Ә.Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейі Мәскеуде көрме өткізеді Таңдаулы

Бейсенбі, 11 Қыркүйек 2025 22:38
Ә.Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейі Мәскеуде көрме өткізеді KAZMUSEUM.KZ -  

Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейі Ресейдің Жаңа Третьяков галереясында көрме өткізеді. Көрме 2025 жылғы қазан айында өтетін Қазақстан мәдениетінің Ресейдегі күндері аясында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.  

Санкт-Петербургте (РФ) XI халықаралық біріккен мәдениеттер форумының жұмысы бастады. Бұл іс-шара – ашық диалог жүргізуге, тәжірибе алмасуға және жаңа идеяларды жүзеге асыруға арналған бірегей алаң.

Биылғы форумның тақырыбы – «Мәдениетке оралу – жаңа мүмкіндіктер». Қатысушылар мәдени мұраны сақтау жолдарын, цифрлық технологиялардың рөлін, креативті экономиканы дамытуды және өнер арқылы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды талқылады.

Форум жұмысына ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастаған Қазақстан делегациясы қатысты. Министр форум барысында мәдениет саяси құрал емес, рухани бірлікке, жасампаздыққа және шабытқа жетелейтін қайнар көз екенін атап өтті.

Аида Балаева мәдени кеңістіктің тәуелсіздігі мен тазалығын сақтауға бағытталған бірлескен шаралар қабылдауды ұсынды. Ол негізгі мүмкіндіктер ретінде мәдениеттің білім беру функцияларын, мәдени дипломатияны, креативті экономиканы және цифрлық технологияларды атады.

«Соңғы онжылдықтарда жаһандану, цифрландыру, урбанизация біздің өмірімізді күрт өзгертіп жатыр. Бұл процестер ынтымақтастыққа жаңа жол ашақанымен, дәстүр мен тарихи жадтың жоғалуына да қауіп төндіреді. Сондықтан мәдениетке оралу мұраны сақтауды ғана емес, оны заманауи әлемге бейімделудің айқын көрінісі», – деді министр.

Форум аясында Аида Балаеваның Ресей Федерациясының Мәдениет министрі Ольга Любимовамен екіжақты кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Ресейдің мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастығының қазіргі жағдайын және перспективасын талқылады. Аида Балаева ресейлік тарапқа мәдени бастамаларды тұрақты қолдап келе жатқаны үшін алғыс білдіріді.

Қазан айында өтетін Қазақстан мәдениетінің Ресейдегі күндерінің бағдарламасы мазмұнды болғалы тұр. Жаңа Третьяков галереясында Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінің коллекциясынан алынған жауһарлар көрмесі ашылады. Кіші театр сахнасында заманауи философиялық драма «Парасат майданы» ұсынылады. Бұл күндері ресейлік көрермен Қазақстан киносы мен заманауи қазақстандық кинематографияның жаңа есімдерімен және өзекті тақырыптарымен танысады. Қазақстан мәдениеті күндерінің қорытынды іс-шарасы Қазақстан өнерпаздары қатысатын гала-концертпен аяқталмақ.

Кездесу қорытындысы бойынша екі ел министрлері әріптестікті нығайтуға, тәжірибелер алмасып, бірлескен жобаларды іске асыруға және мәдениет мекемелері арасындағы байланыстарды дамытуға ниетті екендерін растады.

 

169 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper