Халықаралық көрмеде отандық ҚР Ұлттық музейі мен Батыс Қазақстан облысының тарихи-өлкетану музейінің тарихы, Қазақстан қоғамындағы рөлі мен мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.
Көрмені Түркияның музей мамандары мен тарихшылары, Стамбул қаласындағы жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, туристер тамашалауда. Бір апта көлеміне жоспарланған көрме 27 қыркүйекте жабылады.
Қазақстандық музейлердің көрмеден орын алуына Kazmuseum.kz қоры мүмкіндік жасады.