Анонс


"Музейдегі түн" туралы не білеміз?

Сәрсенбі, 18 Мамыр 2016 01:12
"Музейдегі түн" туралы не білеміз? KAZMUSEUM.KZ -  

Бүгін – музейлердің халықаралық күні. Бұл атаулы күн Музейлердің халықаралық кеңесінің Мәскеу мен Ленинградта өткен конференциядағы ұсыныстары негізінде 1978 жылдан бері аталып өтіліп келеді, деп жазады kazmuseum.kz сайты.  

- Музей күнін әлемнің 150-ден астам мемлекеті мереке ретінде атап өтеді. 
- Бұл күні барлық музейлерде "Музейдегі түн" шарасы аталып өтіледі. 
- Қазақстанда қазіргі уақытта 230-дан астам музей бар. 
- Қазақстандағы алғашқы музейлік бастаманы 1828 жылы Жәңгір хан көтерген. Сол жылы өз ордасында музейлік көрме залын ашты.
- Қазақ жерінде арнайы мекеме ретінде ұйымдастырылған алғашқы музейлер 1831 жылы 1 сәуірде Орынборда, 1883 жылы Семейде, 1898 жылы Верныйда, 1859 жылы Оралда ашылды. Жалпы, революцияға дейін Қазақстанда осындай 4 музей болды.
- Революциядан кейін 1920 жылы Қостанай мен Көкшетауда музей ашылды.
- Ұлы Отан соғысына дейін Қазақстанда 24 музей болды. Онда 70 мыңнан астам жәдігер сақталды. 
- Кеңестік Қазақстандағы музей ісінің дамуына Г.Потанин, Ә.Марғұлан, Ө.Жәнібеков зор үлес қосты.
- Қазақстанда "музейтану" мамандығы 1981 жылдан бері (ҚазМУ) оқытылып келеді. 
- "Музейдегі түн" идеясы ең алғаш рет 1970 жылдары ұсынылды. Бірақ, идея қолдау таппай 1997 жылға дейін бұл шара өткізілмеді. 
- Әлем бойынша бұл идеяны алғаш рет 1997 жылы Германия «Lange Nacht der Museen» («Музейдегі ең ұзақ түн») деген атпен өткізді. Берлинде өткен шараға ресми Париж қызығушылық білдіріп, 2001 жылы Луврдағы музей түнін өткізді.
- Қазақстандағы алғашқы "музейдегі түн" 2006 жылы Алматы қаласындағы Орталық музейде өтті. 
- Әлемдегі музейлердің қызметі Халықаралық ИКОМ-ға бағынышты. ИКОМ (International Council of Museums, ағылшын. ICOM) 1946 жылы Парижде құрылды.

 

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС

 

6875 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper