Анонс


Перғауынға сақал жапсырған музей қызметкерлері жауаптқа тартылды

Сейсенбі, 26 Қаңтар 2016 00:01
Перғауынға сақал жапсырған музей қызметкерлері жауаптқа тартылды KAZMUSEUM.KZ -  

Мысырда Тутанхамон перғауын бетпердесіне сақал жапсырғаны туралы іс бойынша музейдің сегіз қызметкері сот алдында жауап береді, деп хабарлады Қазақпарат Би-би-си агенттігіне сілтеме жасап.

Бір жыл бұрын Тутанхамонның өлгеннен кейінгі бетпердесіне желімделіп жапсырылған заттың іздері анықталғаны белгілі.

Бір нұсқада бетпердедегі сақал кездейсоқтықтан, ал екіншісінде ескіргендіктен  түсіп қалған.

Тергеу деректеріне сәйкес перғауынға 4 рет желімдеп сақал  жапсыруға әрекет жасалғаны белгілі болды.  Бұл қолдарынан келмеген музей қызметкерлері іздерін жасыруға тырысқан.

Тутанхамонның өлгеннен кейінгі бетпердесі Каирдегі туристік құндылықтардың бірі саналады, оған 3 мың жылдай болған.

3560 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper