Анонс


Италияда «Қазақстан көшпенділері: тарихы мен бүгіні» көрмесі ашылды (ФОТО) Таңдаулы

Бейсенбі, 30 Қараша 2023 02:05
Италияда «Қазақстан көшпенділері: тарихы мен бүгіні» көрмесі ашылды (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

Италияның Неаполь қаласындағы Кастель Нуово қамалының Палатин капелласында Алматы тарихы музейінің «Қазақстан көшпенділері: тарихы мен бүгіні» атты көрмесі ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Көрменің мақсаты – Қазақстан мен Италия арасындағы мәдени байланыстарды одан әрі нығайту, Ұлы даланың дәстүрімен, тұрмысымен, философиясымен және дүниетанымымен таныстыру.

«Қазақстан көшпенділері: тарихы мен бүгіні» көрмесінің экспозициясында музей қорынан 140-тан астам экспонат ұсынылады. Экспозициялық кеңістік киіз үй жабдықтары, ат әбзелдері, тұрмыстық заттар, зергерлік бұйымдар, музыкалық аспаптар сияқты тақырыптарды қамтиды.

Көрме Қазақстан Республикасының Италиядағы Құрметті Консулы Валентина Мацца ханымның тікелей қатысуымен және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен және Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылған.

 

Көрме жобасының жетекшісі: Ләззат Құдайбергенқызы Сағындықова – «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК директоры.

Неаполь қ. көрме жобасының жетекшісі: Валентина Мацца – Қазақстан Республикасының Италиядағы Құрметті Консулы (Кампания округі).

Көрме 2023 жылғы 15 желтоқсанға дейін жұмыс істейді.

898 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper