Анонс


Жезқазғанда «Ісмер Ана» көрме-жәрмеңкесі өтті (ФОТО)

Бейсенбі, 02 Қараша 2023 00:35
Жезқазғанда «Ісмер Ана» көрме-жәрмеңкесі өтті (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

Жезқазған тарихи-археологиялық музейінде «Қолөнер – дәстүр жалғасы» атты жобасы аясында қолөнер шеберлерінің бұйымдарын насихаттайтын «Ісмер Ана» көрме-жәрмеңкесі өтті.

Көрме-жәрмеңкені ұйымдастырудың басты мақсаты - халқымыздың асыл-мұрасын, салт-дәстүрін, ұлттық құндылығын, ұлттық өнерін қазақтың ою-өрнегімен, оның тарихымен дәріптеп, дәстүр жалғастығын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу арқылы жастардың бойына сіңіріп жүрген Ұлытау облысының қолөнер шеберлерімен таныстыру және олардың қолдарынан шыққан бұйымдарды халыққа насихаттау.

Қолөнер жәрмеңкесіне Ұлытау облысының шебер аналары қолдарынан шыққан бұйымдарын ұсынды. Жәрмеңкеге облыс аумағынан Орынтай Кабешқызы Абеуова (Жезқазған қаласы), Бибігүл Қаратайқызы Абылқасенова (Кеңгір елдімекені), Гүлғайша Асанқызы Ауелова (Жезқазған қаласы), Гүлнар Сәтібекқызы Аширжанова (Жезқазған қаласы), Алтынайым Жүсіпқызы Байбатырова (Сәтбаев қаласы), Гүлшат Габдуллқызы Базарбаева (Жезқазған қаласы), Күлжахан Сейітжаппарқызы Баегизова (Сәтбаев қаласы), Бақытбала Абдикамалқызы Бисекеева (Жаңарқа ауданы), Батима Абдрахманқызы Ербусинова (Жезқазған қаласы), Капура Шакенқызы Жакупова (Сәтбаев қаласы), Жанар Сейдрахманқызы Кушекова (Жезді кенті), Күлаш Сейітқызы Мейзанбаева (Сәтбаев қаласы), Меруерт Қорғанқызы Садбақасова (Алғабас ауылы), Ақмарал Дильмуханқызы Садвакасова (Сәтбаев қаласы), Айгүл Алимқызы Саргутова (Жезқазған қаласы), Динара Құсайнқызы Сейтжапарова (Жезқазған қаласы), Жанагүл Ескермесқызы Тезекова (Жаңарқа ауданы), Гаухар Нұрмашқызы Төлешова (Малшыбай ауылы) қатысты.

Көрме-жәрмеңкенің алғы сөзін Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Мәдениет және өнер бөлімінің басшысы Арман Қобландыұлы Бапанов алып, келген қонақтар мен қолөнер шеберелеріне, ісшараны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Одан әрі Т.Қалмағамбетов атындағы Жезқазған филармониясының әншісі М.Мақсұтовтың нақышына келтіре айтылған әсем әнінен соң қалалық Ардагерлер кеңесінің мүшесі Д.Н.Сарыбасов, облысымыздағы «Ақ әжелер» ансамблінің жетекшісі Шүкір Молдағалиева сөз алып, ақ тілегін білдірді.

Іс-шара барысында 4 маусым Рәміздер күні мерекесінде Елордамызда өткен «Аламан құрақ» жобасында ҚР КИННЕС-тің рекордтар кітабына енген 500 метрлік көрпе жасауға қатысқан Ұлытау облысының 12 құрақшысына облыстық мәдени-сауық және шығармашылық ғылыми әдістемелік орталығының басшысы Гүлнұр Жолашарова мен бүгінгі «Ісмер Ана» көрме-жәрмеңкесіне қатысушы 18 қолөнершісіне Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің басшысы Зағира Калменова сертификаттар табыстады. Көрменің ашылу рәсімін музейдің көркем-көрме бөлімінің басшысы Ақнұр Жолбарысқызы жүргізді.

Салтанатты іс-шараның ашылу лентасын қалалық Ардагерлер кеңесінің мүшесі Д.Сарыбасов пен «Ақ әжелер» ансамблінің жетекшісі Ш.Молдағалиева қиып, көпшілік қолөнер шеберлерінің бұйымдарын тамашалады.

 

711 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper