Анонс


Ұлттық музей суретші Алпысбай Қазығұловтың көрмесін ашты

Бейсенбі, 25 Қазан 2018 23:58
Ұлттық музей суретші Алпысбай Қазығұловтың көрмесін ашты KAZMUSEUM.KZ -  

Ұлттық музейде талантты суретші, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Алпысбай Қазығұловтың «Көңіл көктемі» көрмесі ашылды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Автордың балалық  шағынан қалыптасқан таным-түсінігі мен қоршаған орта туралы қиял көкжиегі суретшінің «Менің  балалық шағымның ауылы», «Белдесу», «Керуен», «Ойын» сынды туындыларынан көрініс тапқан.

А. Қазығұловтың туындыларында берілген  шынайы өмір көріністері жай ғана көшірме емес, ол шебердің қылқаламына ғана тән өзіндік жеңіл мәнермен берілген шығармалар болмақ. Автор туындыларынан оның көрген-білгенімен қатар, суретшінің жан тебіреністерін, көркем әлемін тамашалауға болады.

А. Қазығұлов туындыларының өзіне тән даралығы бар. Көп шығармалар арасынан оның еңбектерін оңай тануға болады. Ол суретшілік қырынан бөлек, көңіл-күйдің әсем көріністерін өзіндік шеберлікпен үйлестіреді. Сондықтан да болар, автор шығармаларының басым бөлігі қарабайыр тіршілік көріністеріне емес, тұңғиық ойдың көркем келбетіне арналған.

Көрмеге қылқалам шебері А. Қазығұловтың 100-ден астам көркем суреттері ұсынылып отыр.

Көрме 2018 жылғы 12 желтоқсанға дейін жалғасады.

2824 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper