Көрмеде Отырардан шыққан ғұлама, ойшыл Әбу Нәсір әл-Фараби мұралары, Фарабидің араб тілінде жарық көрген шығармалары, «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы туралы» трактаты, «Аспан әлемі туралы ілім», «Музыканың ұлы кітабы» атты трактат т.б. және ғұлама жерленген Сириядан әкелінген заттай жәдігерлері, сондай-ақ, Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы һәм тәлімгері, ислам дінінің уағыздаушысы Арыстанбаб әулиеге және әулие басына тұрғызылған кесенеге қатысты жазба және заттай деректер көпшілік назарына ұсынылды.
Көрме 2018 жылдың 30-сәуіріне дейін жалғасады.