Анонс


Әлемге әйгілі «Терракота әскері» көрмесі Астанада қалай өтіп жатыр? (ФОТО) Таңдаулы

Сәрсенбі, 14 Маусым 2017 04:17
Әлемге әйгілі «Терракота әскері» көрмесі Астанада қалай өтіп жатыр? (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Император Цинь Шихуандидің Терракота әскері көрмесінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Көрменің мақсаты - келушілерді біздің эрамызға дейінгі 2010-2009 жылдары дайындалған және 1987 жылы ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұралар тізіміне кіргізілген әлемдік өнер жауһары – Цинь династиясының терракота мүсіндерімен таныстыру.

Ашылу салтанаты барысында алғашқы сөз алған Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің Жауапты хатшысы Уәлиев Қуатжан:

«Қазақ халқы ежелден қонақжай халық ретінде әр халықтың тарихи құндылықтарын өз дәрежесінде бағалайды. Және біз мұндай әлемдік дәрежедегі көрмелерді халқымызға насихаттауға әрқашан дайынбыз. Біздің халық пен көршілес қытай еліні ежелден саяси қатынас жасасып келе жатқаны мәлім. Бұл дәстүр Тәуелсіздік жылдарында да өз жалғасын тапты. Ал, саяси қарым-қатынастан бөлек, мәдени қарым-қатынастарды бүгін, міне, өздеріңіз тамашалап отырсыздар», - деп екі ел арасындағы достыққа тоқталды.

Құттықтау сөз сөйлеген Шэньси провинциясы мәдени ескерткіштер басқармасының директоры Джао Ронг:

«Құрметті де, қадірменді музей қонақтары! Осы көрмені ұйымдастыруға атсалысқан баршаңызға алғысым шексіз. Император Циннің дәуірі біздің ел үшін өте маңызды кезең. Өйткені, ол біздің ғасырымыздың 221 жылы бүкіл қытайдың басын біріктірді. Жазуын бір жүйеге келтіріп, санақ жүйесін стандарттады. Қытай халықының бірігіп дамуының бастауында Цин дәуірі тұрғанын баса айтуымыз керек және бұл дәуір Қазақстан мен Қытайды ғана емес, Еуропа мен Азияны байланыстырған Ұлы Жібек жолының қарқынды дамуына да өз шарапатын тигізді. Ежелден үздіксіз қарым-қатыста келе жатқан екі елдің арасындағы мәдени байланыстың шыңы бұл емес. Бұл – бастауы ғана», - деп біршама болашақ жоспарлардан хабар берді.

«Терракота әскері» - Сиань қаласындағы Цинь Шихуанди императордың кесенесі жанындағы 8099 қытай жауынгерінің және олардың аттарының өлшемі сақталған мүсіндері қабірінің атауы.

Мүсіндерді 1974 жылы жергілікті шаруалар Лишань тауының шығыс жағынан артезиан ұңғымасын қазып жатқан кезде тапқан.

Тарихи деректер бойынша, Цинь Шихуанди таққа отырғаннан бір жылдан кейін ж.с.д. 246 жылы өзінің мазарын сала бастайды. Оның ойы бойынша мүсіндер оған ана өмірде серік болып жүруі тиіс.

Саздан жасалған әскер император мазарының шығысында параллель табыттарда 1,5 км бойы сапқа тізіліп қойылған.

Жауынгерлердің мүсіндері өнер туындысы болып табылады. Өйткені, олардың әрқайсысы жеке-жеке тәртіппен әртүрлі тәсілдерді қолдану арқылы қолдан жасалған. Әрбір жеке мүсіннің кескіні, тіпті бет келбеттері де қайталанбайды.

Көрмеге 50-ге жуық археологиялық бұйымдар (әскерлердің мүсіндері, қару-жарақтар, жабынқыштар, ыдыс-аяқтар, алтын және күміс әшекейлер) қойылды.

Көрме 2017 жылдың 10 қыркүйегіне дейін жалғасады.

13180 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper