Анонс


Семей тарихи-өлкетану музейі үтіктер көрмесін ұйымдастырды

Сейсенбі, 14 Ақпан 2017 03:10
Семей тарихи-өлкетану музейі үтіктер көрмесін ұйымдастырды KAZMUSEUM.KZ -  

Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Шоқ үтіктен тоқ үтікке дейін» атты көрменің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты музей әкімшілігіне сілтеме жасап.

Көрмені өткізудің басты мақсаты – музей келушілерін үтіктің шығу тарихы, дамуы, ежелгі дәуірлерден бүгінге дейін қандай өзгеріске ұшырағаны, жетілдірілуі жайлы жан-жақты мағлұмат беріп таныстыру.

Шараға қатысушылар мен музей қонақтары бірнеше бөлімнен құралған ерекше безендірілген көрмені тамашалай алады. Экспозицияға әрқайсының өзіндік ерекшелігі бар, бірегей заттар қойылған.

Киім тегістеуге арналған құралдың қарапайым тас тақтайдан басталып,  білеу, шоқ үтіктер, құйылған шойын үтіктер түрінде жалғасын тапқан бүгінгі тоқ үтікке дейінгі тарихы қызықты мағлұматтарға толы.

Ең алғашқы үтіктер тұтастай шойыннан не қоладан құйылып жасалған, отқа қойылып қыздырылатын болған. Салмақтары ауыр, өте тез суып қалатын болған. Уақыт өте келе тұтастай құйылып жасалатын үтіктер жетілдіріле түскен: ортақ алынбалы тұтқасы бар тегістейтін қос шойын табан жасайтын болған. Бір табанымен киім тегістеп жатқанда, екінші пештің үстіне қыздыруға қойып отырған. Үтіктердің мұндай түрі ХҮІІІ ғасырда пайда болып, ХХ ғасырдың 60-шы жылдарына дейін сол кездегі үйлердің көбінде тоққа қосатын орынның болмауы себепті тоқ үтіктердің пайда болғанына қарамастан өндіріліп отырған.   

Келушілер білеу мен шойын үтікті ұстап көру мүмкіндігіне ие болды.

Көрменің ашылу салтанатына қала тұрғындары мен өлкетанушылар, студенттер шақырылды. Музей қызметкерлері көрменің  келушілер қызығушылығын тудырады деген ойда.

 

3331 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper