Анонс


Ә. Қастеев атындағы өнер музейі мерейтойлық көрмелерінің сериясын жалғастырады (ФОТО)

Сәрсенбі, 25 Қаңтар 2017 03:27
Ә. Қастеев атындағы өнер музейі мерейтойлық көрмелерінің сериясын жалғастырады (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

Ә. Қастеев атындағы өнер музейінде музей қорынан ұйымдастырылған кеңестік кезеңдегі жетекші суретшілердің мерейтойлық көрмелерінің сериясы жалғасын тауып отыр

КСРО Суретшілер одағының мүшесі, ҚазКСР еңбек сіңірген артисі Владимир Колоденконың (1907-1980 ж.ж) 110 жыл толуына арналған мерейтойлық көрмесі қазақстандық суретшінің шығармашылық мұрасымен жан-жақты танысуға мол мүмкіндік береді.

Владимир Колоденко 1907 жылы Одессада дүниеге келді. Одессадағы Бейнелеу өнері институтында, Одесса опера театрының көрермендер залы мен декорацияларын қайта қалпына келтіру шеберханаларында А. Головиннен оқып-үйренді. 1926 жылдан Бүкілодақтық және республикалық көрмелерге қатысады, соның ішінде Одесса, Харьков, Киев, Мәскеу және Алматыда болған көрмелердің қатысушысы. Владимир Колоденко Одесса мен Свердловскіде, Баку мен Ленинградта ірі опера татрларында қоюшы-суретші болып жұмыс істеді.

1937 жылы Владимир Колоденко Алматыға Абай атындағы опера және балет театрына жұмыс істеуге келеді, ол онда қазақ опера және балет өнерінің қалыптасу және даму тарихына жарқын беттер қалдырып, 40-тан астам қойылымның сахнаға шығуына ат салысты.

Владимир Колоденко орыс және батыс опера классикаларымен, қазақ операларымен жұмыс істеді. Ол шығармашылығында өзінің зор тәжірибесі мен сахна заңдары жөніндегі терең білімін, орыс және заманауи театр-декорациялық кескіндеменің бай дәстүрін шеберлікпен пайдаланып, жемісті ұштастырды.  Оның жұмыстары қашан да жоғары көркемдік шешімімен дараланды. Көрмеге П. Глиэрдің «Қызыл көкнәр» (1940-жж.) балетіне, М. Мусоргскийдің «Борис Годунов» операсына (1940ж), А. Бородиннің «Князь Игорь» операсына (1950ж), Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» спектакліне (1957ж), У. Ғаджыбековтің «Аршын – мал алан» музыкалық комедиясына, Е. Брусиловскийдің «Гоффман Ж. Оффенбахтың ертегілері» опереттасына (1960ж) және «Ер Тарғын» (1966-1977жж) операсына декорациялар мен киімдердің эскиздері қойылды.

Владимир Колоденко әрдайым суреттеме, этюд жасап, өмірдің шынайылығын оның барлық қырынан барынша нақты келтіруге тырысты, заттың өзімен жұмыс істеді. Суретшінің пейзаждары мен натюрморттары оның театрдағы көп жылдық қызметімен тығыз байланысты – олар суретшінің тірі әлемнің болмыспен, музыкадан алған әсерлермен, театрдағы оқиғалардың таңғажайыптығымен бірге жетілген қиялдары. «Одесса порты» (1973), «Одесса театры» (1975) пейзажары бозбала шақтың естеліктеріндей. «Кипарис айлағы», «Автобус аялдамасы», «Артек» Қырым табиғатына арналған. 1976-1977 жылдары суретші Алматыға арнап «Әуежай», «Цирк», «Алатау» атты композициясының және түстік шешімінің керемет нақтылығымен ерекше композицияларын жасайды. Егер де осы туындылардағы көркем бейненің тұлғалылығы шабытнан туса, яғни картиналардың философиялық мәні суретшінің қалыптасқан шеберлігі мен өмірлік тәжірибесінен туындаған.

Владимира Колоденконың өнері көп ұлтты Қазақстан өнері тарихындағы өміршең және жарқын беттердің бірі болып қалады.

 

 

Гүлнар АҚЫШЕВА,

Қазақстан бейнелеу өнері орталығы кескіндеме

секторының меңгерушісі

 

2681 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper