Анонс


Алматыда «Қазақстан спортының тарихы» атты көрме ашылады

Сәрсенбі, 25 Қаңтар 2017 02:55
Алматыда «Қазақстан спортының тарихы» атты көрме ашылады KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде Алматы қаласында өтетін XXVIII - Дүниежүзілік қысқы Универсиада аясында «Қазақстан спортының тарихы»аттыкөрменің ашылуы өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

«Қазақстан спортының тарихы» атты көрменің мақсаты: музейдің қор бөлімінде сақталған спорттық топтамалар мен  құжаттар негізінде Қазақстандағы спорт түрлерінің, оның ішінде ұлттық спорттың даму тарихын баяндау.

Қазақстан спортшылары Кеңес Одағы тұсында да айтарлықтай спорттық дәрежеге қол жеткізді. Ғосман Қосанов, Евгений Яровенко, Алжан Жармұхамедов, Нелли Ким, Жақсылық Үшкемпіров, Шәміл Серіков, Анатолий Храпатый секілді т.б. спортшылар талай олимпиада медальдерін жеңіп алып, ел спортының мақтанышына айналды.

Соңғы жылдары Қазақстан спортшылары 12 Олимпиада ойындарына қатысып, 20 алтын, 25 күміс, 31 қола жүлдені жеңіп алып, үлкен жетістікке жетумен қатар ұлттық және халықаралық спорттың дамуына үлкен үлес қосты.

Юрий Мельниченко, Александр Парыгин, Василий Жиров, Бекзат Саттарханов, Ермахан Ыбраимов, Ольга Шишигина, Бақтияр Артаев, Бахыт Сәрсекбаев, Серік Сәпиевтердің ал, қысқы спорт түрлерінен – шаңғышылар Владимир Смирнов, Елена Хрусталева   секілді спортшылардың есімдері Қазақстан спорты тарихында мәңгі қалды.

Екі бөлімнен тұратын «Қазақстан спортының тарихы» атты көрмеге  музей қорынан алынған Қазақстан спорты тарихынан мағлұмат беретін құжаттар, фотосуреттер, заттық экспонаттар, арнайы спорт киімдері, эмблемалары, кәдесый бұйымдары, спорттық ақпараттар хронологиялық түрде ұсынылған.

Көрме 2017 жылғы 26 қаңтарда, сағат 16.00-де ашылады.

2465 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper