Анонс


Ұлттық музейде әскери фототілшінің көрмесі өтеді

Сәрсенбі, 04 Қаңтар 2017 14:54
Ұлттық музейде әскери фототілшінің көрмесі өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде 2017 жылғы 5 қаңтарда сағат 11:00-де ҚР Ұлттық Ұланының фототілшісі Вячеслав Гельблингтің «Ұлттық Ұлан Тәуелсіздік күзетінде» атты жеке фото көрмесі өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Шараға ҚР Ұлттық Ұланының Бас қолбасшысы генерел-лейтенант Жақсылықов Руслан, Ұлттық Ұланның ардагерлер Кеңесінің төрағасы генерал-майор Токушев Калиакпар,ҚР ҰҰ Ән-би ансамблінің солистері  және 5573, 6636, 3660  әскери бөлімдерінің жауынгерлері қатысады.

 Көрме Елбасы Жарлығымен жасақталған Ішкі әскердің, қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының құрылғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.

Құқықтық тәртіп әскерінің бас фототілшісі Вячеслав Гельблингтің фотоаппаратының объективіне түспеген оқиға, нысан кемде-кем. Соңғы 15 жыл бойында қазақ әскерінің фотошежіресін қаттауда өз ісінің кәсіби шебері, майталман фототілші запастағы прапорщик Вячеслав Гельблингтің сіңірген еңбегі өлшеусіз. Ол түсірген фотосуреттердің көпшілігі қазір жұртшылық аса бір сүйіспеншілікпен әрі ілтипатпен тамашалайтын тарих еншісінің жарқын бір сәтін бейнелеген айшықты фото туындыларға айналды. Оның жеке мұрағатында бір миллионнан аса фотосурет сақтаулы. Солардың ішіндегі ең маңызды оқиғаларды бейнелейтін репортаждық фотосуреттері «Ұлттық Ұлан Тәуелсіздік күзетінде»атты көрмеде ұсынылады.

Көрме 12 қаңтарға дейін жалғасады.

2467 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper