Анонс


Роза Рымбаева қымбат көйлегін музейге өткізді (ФОТО)

Жұма, 08 Желтоқсан 2017 17:56
Роза Рымбаева қымбат көйлегін музейге өткізді (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

Роза Рымбаева қымбат қызыл көйлегін музейге тапсырды, деп хабарлады КТК арнасы.

Әншінің  30-ға жуық затын Семейдің облыстық тарихи өлкетану музейінің қызметкерлері қабылдап алған. Олардың қатарында құнды көйлегі де бар.

Кеңес кезінде Роза Рымбаеваның көпшілікке «Әлия» әнімен танылғаны белгілі. Сол, 1977 жылы Болгарияда өткен байқауда сахнаға киіп шыққан ұзын қызыл көйлегін музейге табыстаған. Бұл өнер сайысында ол бірінші орын алды.

«Р.Рымбаеваның өнерін сүйіп қарайтын, әндерін тыңдайтын көрермендерге экспозициямыз қызықты деп ойлаймын. Бұл болашақта тек семейліктерге ғана емес, бүкіл музейге келетін шетелдік қонақтарға да қызық болатынына сенеміз», - дейді Семейдегі облыстық тарихи өлкетану музейнің қызметкері Айнұр Мұратхан.

Сонымен бірге, әншінің ән жинақтары, жеке суреттері мен Семей өңіріне қатысты марапаттары да қордың қатарын толықтыра түсіпті. Оларды екі апта бұрын туған жеріне жеке концерт беруге барған Роза Қуанышқызының өзі өткізіп кеткен. Енді музей қызметкерлерінің мәлімдеуінше, оның бұл заттарын көруге келушілердің қатары арта бастаған. 

 

Басты фото: "Вечерняя Астана"

4529 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper