Анонс


Ұлттық музейде екінші этнография залы ашылды (ФОТО) Таңдаулы

Сейсенбі, 16 Қыркүйек 2025 23:52
Ұлттық музейде екінші этнография залы ашылды (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде екінші этнография залының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайтты Ұлттық музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Осы уақытқа  дейін Ұлттық музейде этнография залы болғанымен, барлық құнды жәдігерді сыйғызу мүмкін болмады. Сондықтан енді жаңа кеңістікте халқымыздың бай мұрасы кең көлемде ұсынылып отыр», - дейді музейдің баспасөз қызметі.

Жаңа залда келушілер назарына:

-        XIX–XX ғасырлардағы зергерлік әшекейлер;

-        кілемдер мен киіз бұйымдары (сырмақ, текемет);

-        ұлттық киім үлгілері (ер адам, әйел, қалыңдық пен күйеу жігіттің киімі);

-        тұрмыстық бұйымдар (сандық, кебеже, асадал және т.б.) ұсынылған.

Барлығы – 258 экспонат, соның ішінде 47 бірегей кілем бар.

Ұлттық музей директоры Берік Әбдіғалиұлы жаңа залдың ашылуын екі ғасырдан астам тарихы бар құндылықтарды көрсету жолындағы жұмыс деп атап өтті.

«Біздің басты мақсатымыз – асыл мұраларды көпшілікке таныстырып, халқымыздың мәдени байлығын дәріптеу. Қорымызда екі жарым ғасырлық тарихы бар жәдігерлер бар. Соларды тұрақты түрде көрсетіп, болашақ ұрпаққа жеткізу – музейдің ең басты миссиясы», - деді Б.Әбдіғалиұлы.

Көрмеге қатысқан ғалымдар этнография залының ашылуын ұлттық мұраны сақтау мен мәдени сабақтастықты қамтамасыз етудегі маңызды қадам деп бағалады.

Баршаңызды Ұлттық музейдегі этнография залын тамашалауға шақырамыз!

513 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper