«Ешқандай облыстың топырағы қазаққа 15 академикті берген жоқ. Павлодар облысының Баянауыл өңірі ғана елімізге 15 академик пен өзге де өнер тарландарын сыйлады. Біз биыл осыған орай «Данышпандар елі» жобасын қолға алып отырмыз. Бұл жоба Павлодар облысына тікелей қатысты. Мысал үшін айтайын, Павлодар өңірінен шыққан Қаныш Сәтбаевтың өмірін зерттеу үшін еліміздегі 5 музейде болуыңыз керек екен. Атап айтсам, Жезқазған, Жезді, Ұлытау, Баянауыл және Алматы музейлерінде Қаныш Сәтбаев жайлы деректер жақсы сақталған. Бір ғана Қаныштың ғұмырының өзі туризм картасына сұранып тұр. Қанышты зерттеймін деушілерге біз осындай туристік маршруттар ұсынамыз», - деді Б.Камалқызы.