Анонс


"Музейдегі түн" Алматыдағы Орталық музейде биыл жылдағыдан ерекше өтпек

Сейсенбі, 17 Мамыр 2016 02:49
"Музейдегі түн" Алматыдағы Орталық музейде биыл жылдағыдан ерекше өтпек KAZMUSEUM.KZ -  

Алматыдағы Орталық музейде 2016 жылдың 18 мамырында  сағат 10.00 -ден түнгі 22.00 -ге дейін  «Музей түні» іс-шарасын өтеді. Бұл шара  Музейлер күні мен Алматының 1000 жылдығына арналған. Осы күні Музей өзінің келушілеріне тарихи-мәдени құндылықтар әлеміне ғажайып саяхаттар ұсынады, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі.  

«Музей түні» жобасының негізгі мақсаты -  жұртшылықтың назарын еліміздің басты мәдени-білім беру нысанының бірі әрі бірегейі болып табылатын музейлерге аударту. Ұйымдастырушылар ерекше шаттықты көңіл-күй мерекесін ұйымдастыра отырып, «Әркім музейден тағылым алуы тиіс» деген ұлағатты  ұстанымды көпшіліктің бойларына сіңіруді көздейді.

  • Бұл күні ҚР Мемлекеттік Орталық музейі келушілерге музей қорларынанан алынған  бірегей және сирек заттармен етене жақын  танысуға мүмкіндік беретін түрлі сипаттағы шаралар мен көрмелерді ұсынады:  
  • «Алаумен өрілген өнер»  атты көрмеде ХІХ ғ. екінші жартысынан бастау алған көркем керамика мен фарфорлар коллекцялары қойылады. Олардың ішінде ортағасырлардағы Талхир қалашығында (Талғар қ.) жүргізілген қазба жұмыстары барысында табылған, Чжао династиясының билігі кезіндегі Сун империясының тұсында (960-1279 ғғ.) жасалған қытай тостағаны мен Мейджи немесе Хочузан кезеңінің (1868-1912 жж.) Шимазу таңбалы Сацума князьдігіне тиесілі жапон тостағаны, сонымен қатар Қазақстан, Германия, Англия, Франция елдерінің зауыттары мен фабрикалары, Императорлық фарфор зауыты, М. Кузнецов, Ф. Гарднердің және т.б. зауыттардың жалғыз данада сақталған асханалық ыдыстар бар;
  •  «Бағзының жаңғырған куәлері» атты көрмеде музей қорындағы археологиялық коллекциялардың қайта қалпына келтірілген артефактілері ұсынылады;
  •  ҚР Орталық музейі қорындағы Қазақстанның әйгілі суретшілері – Ф.И. Болкоев, М.Т. Ержанов, Н.В. Соловьев, Ж. Шарденов, Т.Абуова, Е.Оралов, С.Я. Сухов, М.Сариев сынды өнер майталмандарының туындыларының көрмесі;
  •  ҚазКСР-нің халық әртісі, әнші, актер, режиссер, драматург, Халықаралық Ш. Айтматов атындағы сыйлықтың лауреаты, тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының иегері  Кәукен Кенжетаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған  «Қазақтың Кәукені» атты мемориалдық көрме;
  •  Музейге келушілер бұл күні Қазақстанның заманауи суретшілері мен мүсіншілері – Ж.Күшікбаев, П.Шорохов, М. Әмірханов, Фатима Тарази, Ж. Алтынбаева, И. Бадамбаева, А. Абдалиева, А. Молдабаев, С. Бектуғановтың қазақ халқының тарихы, дәстүрі мен мәдениеті, сонымен қатар Қазақстанның көрікті жерлері мен ескерткіштерін бейнелейтін өнер туындыларымен танысады.
  • «Сырлы аяқтың сыны кетпес» атты қазақтың дәстүрлі ыдыс-аяқ көрмесінде Орталық музей қорынан алынған 100-ге жуық экспонат қойылған;
  • «Менің жадымдағы Алматы» атты экспозицияда келушілер қаламыздың 70-80 жж. тарихымен танысып, «70 жылдардың Фотосалонынан» фототүсірілім ала алады.

            Мерекені тамашалауға келген қонақтар үшін:

  • Музейдің 4 залына тегін шолу экскурсиялары жүргізіледі;
  • мынадай интерактивтік білім беру бағдарламалары: «Монеталар сыңғыры», «Қызыл кітап беттерінен», «Өз қаламыздың тарихын білеміз», «Археология әлеміне» викториналары, «СендПро» студиясы құм мен су бетіндегі суреттер, Халықаралық «UCOMAS KAZAKHSTAN» ментальды арифметикалық балалар орталығы «Жылдам санап үйренейік», «Bolashak Engineering» инженерлік шеберлік мектебі эксперимент және сынақ жұмыстар көрсетеді, «Profiland» балалар кәсіптік интерактивті қалашығы түрлі мамандықтардың өз артықшылықтары жайлы әңгімелесе,  International Art School бейнелеу өнері мен хореографиядан шеберлік-сабақтар, ал «Evrikum» компаниясы балалардың ой-қабілетін дамытуға арналған интерактивті ойындармен таныстырады;
  • «Ичикава» жапон үйі оригами, каллиграфия және т.б. шеберлік-сабақтар өткізеді;
  • О.Таңсықбаев атындағы декоративті-қолданбалы өнер колледжі мен «Бақыт» декоративті-қолданбалы өнер орталығынан халықтың қолөнері бойынша шеберлік-сабақтар ұйымдастырылады;
  • Суретшілер Т.Волкова мен О.Есенбаева және «Сен суретшісің» («Бірге жасайық» жобасы) шеберханасы сурет салуға қызығушылық танытушыларға кескіндеме өнері бойынша шеберлік-сабақтар жүргізеді;

Шараның ресми ашылу салтанатында Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерватория студенттері, скрипкашылар ансамблі, «ВОЙС» музыка тобы, «Классика» квартеті (жет. Д.Қаражанова), Қорғаныс министрлігі ансамблінің солисті А. Бекболатова, А. Төреғали, А. Рысбек, Т. Омаров, Лара, «Саламат» тобы, «Родина» хоры, «ДНК нашего Мира» (В.Шунько), «Triada Dance» өнер көрсетеді.

Іс-шараға келушілер сондай-ақ «Алтын-Алма» мейрамханасының тағамдарынан дәм татады.

             Мекен-жайы: Самал-1 ы/ау., 44-үй. Байланыс телефоны: 2644650, 2645577

2993 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper