Анонс


Археологтар XVI ғасырға жататын медресенің орнын тапты

Сейсенбі, 27 Қазан 2015 11:41
Археологтар XVI ғасырға жататын медресенің орнын тапты KAZMUSEUM.KZ -  

Түркістанның солтүстік-батысындағы ежелгі Сауран шаһарында жүргізілген қазба жұмыстары барысында діни білім ошағының орны табылды, деп жазады ҚМБД-ның сайты.  

Археологтар медресені XVI ғасыр жәдігеріне балап отыр.

Мамандар сәулет өрнегі өзгеше медресені қазақ топырағындағы байырғы білім ордасы деп санайды. Таң қаларлығы, ғимарат құрылымы бүгінгі күнге дейін жақсы сақталған.

Қазіргі уақытта археологтар көне медресені зерттеу үстінде. Бізге белгілісі, медресенің 60-тан аса ғимараты бар көрінеді. Ал дәріс бөлмелері өте жақсы сақталған.

Түркістан қазба экспедициясының жетекшісі Ерболат Смағұлов зерттеушілер Қазақстан аумағында дәл осындай ежелгі медресені әзірше кезіктірмегенін хабарлады.

 

2573 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper