Анонс


Вандалдар Жайық қалашығын тонап кеткен

Бейсенбі, 22 Қазан 2015 01:36
Вандалдар Жайық қалашығын тонап кеткен KAZMUSEUM.KZ -  

Орал іргесіндегі 13 ғасырға жататын Жайық қалашығы вандалдардың кесірінен қатты зардап шегуде, деп жазады khabar.kz сайты.

Жалпы аумағы 300 гектар жерді алып жатқан бұл тарихи ескерткіш 2001 жылы ашылып, мемлекет қорғауына алынған еді. Археологтар Жайық қалашығында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде үлкен және кіші кесене мен монша орнын, сондай-ақ қыш кірпіш шығаратын екі пешті аршып алса, сол пештің бірінің түбінен қола дәуірінде жерленген қыздың мүрдесін де тапқан еді. Енді осы қалашық орнындағы қыш кірпіштерге жұрт жаудай тиіп жатыр. Мемлекет қорғауындағы тарихи ескерткіштің құбырлары қазып алынып, кіреберістегі шлагбаумды ұрлап кеткен.

Бұл жағдайға қатысты Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығының директоры Мұрат Сыдықов пікір білдірді.

«2012 жылы мына ескерткішті орнатып, темірден тосқауыл жасап қойып едік. Көріп тұрсыз ғой, шлагбаум жоқ. Біреулер ұрлап кеткен. Осыдан VIII-XI ғасыр бұрын шыққан қыш кірпіштер кімге керек болды? Бұл не деген жабайылық? Түсінбеймін. Жеңіл машинаны айтпай-ақ қояйын, ауыр техника да арлы-берлі осы арамен ағылып жатыр. Түсінген адамға археологиялық қазба жұмыстарын жаңа деңгейге көтеретін кез келді деп ойлаймын. Ол үшін Жайық қалашығының орнын ашық аспан астындағы музейге айналдыру керек. Мәдениет және спорт министрлігі қолға алмайынша, біз бұл мәселені өз бетімізбен шеше алмаймыз», - дейді М.Сыдықов.   

 

Фото: "Хабар" арнасынан скриншот. 

3706 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper